«Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің назарына
2013 жылғы 04 ақпанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауысқа салу қорытындысын хабарлаймыз. 17347662 дауыс беруші акцияларды (Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 97,07%-ын) иеленетін акционердің өкілі қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
I. «Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
- «Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
«Жақтаушылар» – 17347662 дауыс
II. «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға, оларды уәкілетті органда келісуге және оларды заңда белгіленген тәртіппен қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тіркеуге уәкілеттік берілсін.
«Жақтаушылар» – 17347662 дауыс