Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank Қазпочтамен ынтымақтастығын нығайтты

Енді kaspi bank-інің несие карталарының иелері өз төлемдерін Қазпочтаның жақын маңдағы бөлімшесінде төлей алады.

«Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылы жасалған болатын. Тұтынушылық несиесін ресімдеген клиенттерге оларды тек банк филиалдарында ғана емес, почта қызметінің оператор орындарында төлеуге мүмкіндік берді. Енді kaspi bank-інің несие картасының иелері де бұл қызметті пайдалана алады. Қазпочтаның төлемдерді жедел түрде қабылдайтын 600-ден астам автоматтандырылған бөлімшелерінде карт-шотты толықтыруға болады.
 
- kaspi bank клиенттерге банкпен қатынас жасау шұғыл әрі ыңғайлы болу үшін әрдайым жұмыс жасайды, - деп атап көрсетті kaspi bank-інің басқарушы директоры Павел Миронов. - Енді карта ұстаушылар тек төлеп қана қоймай, ең бастысы Қазпочтаның бөлімшелерінде өз шоттарын толықтыра алады. Атап кететін жайт: бұл қызмет тегін көрсетіледі.
 
Кез келген несие картасын ұстаушы оны қашан ресімдегеніне қарамастан, операторға жай ғана өз аты-жөнін, шарттың нөмірін айтып, Қазпочта арқылы картаға ақша сала алады. «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелерінің тізімін kaspi bank-інің несие сарапшыларынан алуға болады.

Қазақстандықтар почта операторының қызметін көбірек пайдалануда. kaspi bank-інің статистикасына сай, банк клиенттерінің почта бөлімшелері арқылы төлейтін орташа төлем мөлшері 11 мың теңгені құрайды.  

Географиялық аумағы кең почта желісі «Қазпочта» АҚ-ның әлеуметтік маңызды қызметтер нарығында мерейінің үстем болуына әсер етті. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша оператордың үлесі шамамен 50%, жалақының - 26%, төлемдерді қабылдау – 25%, басылымдарды тарату және баспасөзге жазылу қызметі нарығында республикада таратылатын мерзімді баспасөз басылымның 82% астам тиражы «Қазпочта» АҚ-ның үлесінде.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
+7-777-232-51-12

Алматы, Қазақстан:
23 маусым 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер