Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Топ-менеджменттің рейтингтің төмендеуі туралы пікірі

Fitch халықаралық агенттігі Қазақстанның 10 банкінің және қаржы ұйымдарының рейтингін төмендетті. Назарларыңызға kaspi bank топ-менеджментінің айқындамасын ұсынамыз

kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе:
Михаил Ломтадзе«Бүгінгі таңда әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс жасау қағидаттары қайта қаралуда. Әлемдік дағдарыстың нәтижесінде рейтингтер де қайта қаралуда. Рейтинг агенттіктерінің әрекеті жалпы әлемдік динамиканың ықпалында әрі бұл батыл қадам болып табылады.
Қазақстандық, әсіресе сыртқы қарызы жоқ банктер үшін ешқандай өзгеріс болмайды. Мысалы, kaspi bank қазақстандық банктердің ішінде сырттан алған қарызы ең аз банк.

Шынын айтқанда, қазіргі уақытта рейтингке бағыт алатындар кемде-кем. Мен алдағы уақытта біздің бүкіл әлем бойынша рейтингтің төмендеуіне куә болатынымызға сенімдімін және бұдан Қазақстан да қалыс қалмас. Бүкіл әлем бойынша инвесторлар қыруар инвестицияларын жоғалтты. Көптеген компаниялардың бағалары 10 және одан да көп жылға дейінгі дейгейіне төмендеді. Мұндай жағдайдың әсерінен көпшілік инвесторлар рейтингке айтарлықтай аз көңіл бөлуде. Рейтингтердің өзі әлемдік экономикалық дағдарыстың күшті ықпалында әрі бұл елдің, компаниялар мен банктердің рейтингтерінің төмендеуінің басты себебі.

Рейтингтерді көтеру туралы бүкіл әлемдік экономикалық жағдай жақсарғаннан кейін ғана сөз қозғауға болады, өкінішке орай, оларды көтеру осы немесе өзге компаниялардың жеке күшіне тәуелді емес.

Оған қоса рейтинг агенттіктері өздерінің рейтингтерді анықтау тәсілдерін қайта қарастырып жатыр. Мысалы, дағдарыстың басталуына себеп болған АҚШ-тың ипотекалық қағаздарының айтарлықтай бөлігі ең жоғарғы ААА рейтингтерін иеленді және бүгінгі күні инвесторлар бұл қағаздардан миллиардтаған долларды жоғалтып отыр». 

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгенден астам активтерімен және 43 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтыну несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы болып табылады. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнер» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
25 ақпан 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер