Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Өз өмірінің қожайыны

kaspi bank’тің «Сынақтар бізді шыңдай түседі» компаниясының аясында  біз өмірі үлгі-өнегеге толы жандар туралы баяндаймыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Жанна Орманбаева, өмірде, бизнесте, әлеуметтік жобаларда табысты жан. Біраз жыл бұрын сәбиінің өмірге мүмкіндігі шектеулі болып туылғанына қарамастан, тәрбиелеп-өсіріп, кейін осындай ерекше балалары бар ата-аналар үшін тренинг орталығын ашты.

- Дана, тұңғышыңыз мидағы туабітті өзгерістермен дүниеге келді. Қарапайым ақпарат алу мүмкіншілігі аз, ұялы телефон жоқ, дәрігерлердің өзінің қабылдауына жазылу қиын кезде бұл қиындықтарды қалай жеңдіңіз?
- Бірінші жыл өте қиын болды. Бірақ, жыламадым, дәрігерлер мен психологтардың ақыл-кеңестерін ғана үздіксіз орындаумен болдым. Шетелден келген мамандардың кеңестерін пайдаландым. Бір жолы ұлым Исламбекпен бірге австралиялық дәрігердің қабылдауында болғанымда: «Не үшін мен?» деп сұрадым. Осындай қиындыққа не үшін тап болғанымды меңзегем. «Не үшін екенін сұрама. Қанша күш жұмсасаң да бұған жауап табуың қиындау. Ұлың дүниеге осындай болып келді ма, енді тек соған шыдау керек».

Сол сәттен бастап осындай қиындықтармен өмір сүру керектегін түсіндім.

Жоспар жасадым: жылына екі рет Мәскеуге балалар неврологиясының патриархы, профессор Бондаренкоға барып тұрдық. Арасында мәскеулік дкотордан дәрілік ем қабылдап отырдық. Қаржылық қиындықтарды көтеру бір өзімнің иығыма түсті. Екі баламен жалғыз қалған едім. Шығындарды жоспарлау үшін, қарызға ақша алмау үшін, «аңшы» болуға тура келетінін түсіндім. Артығымен жұмыс істей бастадым. Күндік жоспарға енгізілген бір сюжеттің орнына екі сюжет түсірдім. Телеарнанаың директорына барып, жұмысты көбірек істегім келетінін айтып, тапсырма беруін сұрадым. Бұл қадамдарымның барлығы дұрыс болғандығын енді қазір түсініп жатырмын.

Қазір Исламбектің өмірінде бәрі жақсы. Бауырларымен тату-тәтті бірге жүр, өзінің күнделікті бағытымен жүріп келеді, әдемі киінеді, Бурабайдағы жаздық үйімізде болғанды ұнатады.

- Сіз өте қиын өмірлік жағдайды бастан өткіздіңіз, ары қарай қалай болды?
- Қазір қарап отырсам, менің өмірім бір жерінде басты рөлде, бір жерінде эпизодта ойнайтын, оқиғалар тізбегінен тұрады екен. Алайда, өмірім қара мен ақ сызықтардан тұрады деп айтқым келмейді.

Менің жақында жарыққа шығатын «Тиімділігі жоғары менеджерге нұсқаулық немесе өз өмірінің қожайыны » атты кітабымда иллюстрация бар. Бір қарағанда – фортопиано клавиштерінің қарапайым суреті. Бірақ ақ клавиштері әртүрлі түстермен көрсетілген. Менің өмірім, ақ клавиштер, қалғандары түрлі-түсті, кейде көңілсіз, кейде қиын болар, бірақ ол менің өмірім.

- Өнімді жұмыс істейсіз. Бұған қайдан қуат аласыз?
- Барлық нәрсенің тиімділік формуласы бар. Мен ерте тұрамын, кеш жатамын. Бұл бірақ менің ұйқым қанбайды деген сөз емес. Таңғы бесте ояну үшін, барлық мәселелерді шешіп ұйықтау керек. Мен келісімсіз іс шешу дегенді қаламаймын. Дұрысы хабарласып, шешілмеген тұстарын бірден шешкенді жөн көремін. Нәтижесі шынайы көңіл-күймен ұйықтаймын. Осылардың көмегімен күш жиналады. Эмоционалды тұрғыдан еркін болуы керек.

- Қандай нәрселер сізге мотивация береді?
- Өз ұрпағымды көру үшін ұзақ өмір сүргім келеді. Бұл мен үшін салауатты өмір салтын ұстанып, өзімнің және айналамдағылармен бір лемде өмір сүруге мүмкіндік беретін ең күшті мотивация.

- Қандай нәрселерге төзбейсіз?  
- Мен екі нәрсені қаламаймын:қорқақтық немесе маған сенімсіздік:менің әрекеттеріме, шешімдеріме. Мен тәртіп пен ұйымшылықты қолдаймын. Егер өзіме міндеттеме алып, жасаймын десем, жасаймын.
«Денис Кораблевтің оқиғасы» атты балалар фильмінде кішкентай баланы балық аулауға алып баруға уәде беретін тұсы есімді. Бала ұйықтамай, жүксөмкесін жинастырады. Уәдені орындамайды, ал бала болса қатты уайымдады. Мен осыны өте ауыр қабыладым, сондықтан бала күннен сөзімде тұрамын.

-Дана, сіз төрт баланың анасы, актер және телепродюсер Дәуіт Шайхисламовтың әйелісіз. Табысты отбасының формуласымен бөліссеңіз?
- Біздің формула бір-біріміз күткеннен де жоғары нәрсе беру. Айналаңдағы адамдар күйеуің, балаларың, достарыңның барлығы осы формуламен өмір сүрсе – бұл энергияларды теңестіреді.

- Отбасылық бюджетті қалай қалыптастырасыздар?
- Мойындау керек, мен ақшаны кез-келген жағдайда еркіндік беретіні үшін ұнатамын. Әрине, жағдайың болса, қаражатың өзіңе жұмыс істеп тұрса, өз идеяларыңды табыс көзіне айналдыра алсаң, кез-келген мәселені шешу оңай.

Бұл мәселелер бойынша күйеуім екеуміз бір көзқарастамыз. Біз қарапайымбыз, бірақ жомартпыз. Алайда, қаражат табумен арнайы түрде айналысамыз деп айта алмаймын. Табысымызды балаларымыздың біліміне жұмсаймыз.

- Сіздің бастамаңызбен құрылған HOPE орталығы туралы айтсаңыз?
– Жер бетінде әртүрлі ерекшелігі бар балалар әрқашан өмірге келеді. Бұл сиреннің гүлінде дақ болатыны сияқты табиғи заңдылық. Бірақ біз өмірге ақаулықтарымен дүниеге келген балаларымыздың өмір сүруіне мүмкіндікбере аламыз.

Мен Исламбекті өмірге әкелгенде мамандар да, орталықтар да болған жоқ. Дәрігерлер стандартты ем шараларын ұсынатын. Қуанышқа қарай қазір көптеген нәрселер өзгерді. Қоғамда мәдениеттің көтерілгінен байқауға болады.

Біз, Исламбек сияқты балалармен түрлі мерекелерге бара аламыз, жалпы әлем жайлы бола түсті. Адамдар денсаулығында ақауы бар балаларды қабылдай алатын, олардан ұялмайтын дәрежеге жетті.

Қарапайым балалар мен ақауы бар балалар бір жерде оқи алуына мүмкіндік туды. Мұны мен соңғы 20 жылдағы жетістіктің бірі деп санаймын.

Менің ұйымым – балаларның денсаулығында кінәраты бар ата-аналарға арналған тренинг-орталық. Біз топ құрып, жазылмайтын ауруы бар балалардың өмірі үшін күресеміз.

Мен барлық ата-аналарды сыртқы әлеммен үйлесімде болып, еңбектенуге, балаларды өмірге әкелуге шақырамын! Орталықта инновациялық өзгерістер туралы ақпаратыммен бөлісемін, қызықты, табысты адамдар туралы айтып, олармен кезедсулер өткіземін.

HOPE-нің басты миссиясы бейімдеу мен әлеуметтендіру.

- Жаңа кітабыңыз не туралы, одан түскен табысты қайда жұмсамақсыз?
- Кітап – отбасында, жобаларда, әңгімелесу барысында табысты болу үшін қалай өмір сүріп, қандай шешім қабылдаутуралы ақыл-кеңестердің жиынтығы. Бірінші кітаптағыдай түскен табыстың барлығы НОРЕ орталығын дамытуға жұмсалады.

- Оқырмандарға тілегіңіз
- Ештемеден қорықпауға, мойымауға, ғажайыптарға сенбеуге, тек өздерінің күш-жігеріне сенімділікті тілеймін.

Дана Орманбаева, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, публицист, төрт баланың анасы, APM promo group холдингінің басшысы, «Бақытты менеджердің ашық әңгімесі немесе 20 жаста жұлдыздарға...», «Тиімділігі жоғары менеджерге нұсқаулық немесе өз өмірінің қожайыны » кітаптарының авторы.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер