«Kaspi Bank» АҚ акционерлеріне арналған Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына
«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А», ЖСК KZ69125KZT1001300249, БСК NBRK KZ KX, КБе 14, БСН 971240001315, телефон: (727) 355-14-27, факс: (7272) 50-95-96, E-mail: office@bc.kz, 2019 жылғы 01 сәуірде өткен акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының шешімінің негізінде жай және артықшылықты акциялар бойынша бір акцияға 1500 теңге мөлшерінде дивиденд төленетінін хабарлайды. Дивиденд төлеуді бастайтын күн – 2019 жылғы 01 сәуір. Кезең – 2018 жыл. Төлем қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Төлем Банктің бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде көрсетілген деректерге сай акционерлердің банктік шоттарына теңгеде ақша аудару арқылы жасалады.
01.04.2019 ж.