Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Шоб-ты несиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 

kaspi bank «Даму» қорымен екі жыл бойы белсенді жұмыс жұмыс жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында банк қор бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнеске ұзақ мерзімді несие түрінде 17 миллиард теңгеден астам қаражат берді. Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлер бұл ақшаны өз істерін дамытуға алды.

«Даму» қорынан алынған үшінші транш 6 миллиард теңгені құрайды. Соңғы деректер бойынша kaspi bank-інің 150 филиалдары мен бөлімшелерінен кәсіпкерлердің 1,5 миллиард теңгеге 128 өтінімі келіп түсті. Қазіргі сәтте 1,5 миллиард теңгеге жуығы мақұлданды.
 
- Біз осы бағдарламаның аясында жылдың басынан бастап жұмыс істей бастадық. Осының нәтижесінде «Даму» қорының үшінші траншы бөлінген сәтке дейін бізде осы 6 млрд теңгенің шеңберіндегі ақшаның көп бөлігі өтінімдер мен қабылданған шешімдердің деңгейінде болды, – дейді kaspi bank-інің басшысы Михаил Ломтадзе. – Біз алдын ала үлкен жұмысты орындадық және осы соманың кем дегенде 50% мақұлдауға расталды. Қазір біз көбінесе осы несиелерді ресімдеумен айналысамыз. Алынған қаражатты үлестіру банктің және басқа да уәкілетті органдардың қатаң бақылауында болатынын айта кеткім келеді.

kaspi bank-інен мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алу үшін кәсіпкерлердің кем дегенде соңғы 12 ай ішінде жұмыс жасаған тұрақты бизнесі, сондай-ақ өтімді кепілі болуы қажет. Мемлекеттің ақшасын бергені үшін жауапкершілікті барлығы түсінуі тиіс.

Бекітілген жобаларды салалық бөлшектеу

Облысы

Жобалардың саны 

Игерілген сома, теңге 

 1  Өндіріс 

1

 46 274 617,00 

 2  Басқа қызметтер

10

 999 743 588,00

 3  Ауыл шарушылығы

3

 28 000 000,00 

 4  Сауда

6

292 144 354,00 

 5  Көлік және байланыс

2

 21 842 350,00

 6  Құрылыс  

3

 27 000 000,00

   ЖИЫНТЫҒЫ

25

 1 415 004 909,00


– Бір нәрсені түсіну керек, егер әңгіме мемлекеттің ақшасы жайлы болса, бұл оны өтінім бергеннің барлығына береді деген сөз емес, – деп түсіндіреді Ломтадзе мырза. – Кaspi bank тиімді бизнесті, яғни меншік иелеріне тұрақты пайда әкелетін бизнесті несиелейді.
 
«Даму» қоры бағдарламасының көмегімен клиенттер мынаған қол жеткізе алды:

1) Ай сайынғы жарнаны төмендету
 
 
Екі жыл бұрын kaspi bank-інің көмегімен Жәнібек К. Шымкенттің түнемелі ауданында орналасқан жұмыс істеп тұрған автожуу орнын сатып алды. Несие сол сәттегі қолданыстағы нарықтық – жылдық 20% мөлшерлемесі бойынша алынған болатын. Экономикалық жағдайдың нашарлауынан, Жәнібектің кірісі төмендеп кетті. Несие бойынша төлемдер оның кірістерінің айтарлықтай бөлігін қамтыды. Алайда «Даму» қорымен ынтымақтастық құрғандығының арқасында kaspi bank Жәнібектің қарызын 12,5% мөлшерлемесі бойынша қайта қаржыландырды. Нәтижесінде оның несие бойынша ай сайынғы жарнасы 1 000 долларға дейін азайды.


2) Бизнестің жаңа бағытын ашу

kaspi bank-інің клиенті Руслан Н. жиһаз және ағаш бұйымдарын жасаумен және оларды сатумен айналысатын. 2008 жылғы наурызда Руслан фитнес-клубқа арналған жер асты үй-жайын және жабдықтарын сатып алу үшін бағдарлама шеңберінде банктен 45 миллион теңге мөлшерінде несие алды. 2008 жылдың күзінде барлық қызмет түрлері көрсетілетін: жаттығу құрылғылары, шығыс және қазіргі заманғы билер, аэробика, йога, кун-фу және уқалауға арналған бөлмелері бар клуб ашылды. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап-ақ Русланның кірісі 2 есеге өсті.


3) «Айналымды» арттыру

kaspi bank-інен «Даму» қорының бағдарламасы бойынша несиені қайта қаржыландыруды алу арқылы сауда компаниясы 1,9 млн теңгені үнемдеп қана қойған жоқ, өзінің айналымын да арттырды. Компания тауар және қызмет түрлерін көбейтті, сауда үйлерінде жаңа сауда орындарын ашты және қосымша жұмыс орындарын ашты. Осылайша kaspi bank-інің клиенті жағдайға дұрыс бағыт алып және банктің несиесін дұрыс пайдалана білгендігінің арқасында өз бизнесін сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да дамытты.

 
Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:

Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7 (701) 223-87-85
 +7 (777) 232-51-12

Алматы, Қазақстан:
6 сәуір 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер