Салымның пайыздық мөлшерлемесін көтеру
Құрметті клиенттер!
2013 жылғы 1 ақпаннан бастап «Kaspi Bank» АҚ теңгедегі «Каспийский» салымының мөлшерлемесін өзгертеді. 01.02.2013 жылдан бастап салым ашатын барлық клиенттерге сыйақы жылдық 9% мөлшерлемесі бойынша теңгеде есептеледі. Жылдық тиімді мөлшерлеме 9,4%-ға тең. Салымды ашқаннан кейін бірінші күннен-ақ салымның мерзімі мен сомасына қарамастан, барынша көп кіріс аласыз. Сыйақы өз таңдауыңыз бойынша ай сайын немесе капиталдандыру арқылы төленеді.