Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Тамара Асар: өмірге ғашық адам кез-келген қиындықты жеңеді

Белгілі қазақ әншісі Тамара Асар өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі. 90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылғанына қарамастан, сахнаға шығып, елдің сүйікті әншісіне айналды. «Серпер» жастар сыйлығының иегері атанды. Оның өмірі Елбасының өзін толғандырып, ұсынысымен ол туралы деректі фильм түсірілді. «Қиындық әркімнің басына болатын нәрсе, тек оны жеңудің кілті – жүректе» деген Тамара өмірге ғашық адам кез-келген қиындықты жеңеді дейді.


-Тамара, дәстүрлі сұрақ неліктен әншілікті таңдадыңыз?
-Кішкентай кезімде столдың үстіне шығып алып, қасықты да, басқаны да микрофон етіп ән айтатын едім. Сол бала кезімде-ақ, ойша болса да, армандап, тағдырымды шешіп қойған сияқтымын. Кейін музыкалық мектепке бардым, әкем өзі сахнаға тәрбиеледі, солай әнші болып қалыптастым. Әншіліктің қиын жолдары да бар, қызық шақтары да бар, ең бастысы – өз мамандығыңды жақсы көру.

- Көпшілік, әнші болу оңай деп ойлайды. Бірақ, жұлдыздардың көпшілігі қиындығын айтып, балаларымыз жолымызды қумайды дейді. Әнші болудың қандай қиындықтары бар?
- Әнші болудағы ең қиын нәрсе – формада болу. Дауыс формасында да, жалпы тұла бой, тән, бітім формасында болу. Себебі, біз халықтың қуанышына айналуымыз керек, әрбір адам әншіні көргенде қуану керек. Бірақ, күнделікті күйбең тіршілік бар, бір күні ауырасың, бір күні көңіл-күйің болмайды, бір күні қуанасың. Осының бәрі ағзаға әсерін тигізеді. Қарапайым адамдарға біліне бермейтін шығар, үнемі формада болу адамға қиындау.

- Сіз, екінің бірі төзе бермейтін қиындықтарды жеңіп, жетістікке жеткен санаулы әншінің бірісіз. Өміріңізде болған қиыншылықтарды қалай жеңдіңіз?
– Өміріңдегі ең ауыр кезеңді еске алу да қиын. Жиырма бір жасымда ағам үйленетін болып, тойдың қамымен жүгіріп жүрген едік. Әкем, ағам үшеуміз жол апатына ұшырадық. Дәл сол сәттегі жантүршігерлік оқиғада әкем мен анам қиналмас үшін ештеңе сездірмеуге тырыстым. Бәлкім, іштей дайын да болған шығармын. Уақытша қиындық қой деп жеңуге тырыстым. Қиындықты ешкім жалғыз жеңе алмайды, жалғыз адамға қиындықты еңсеру өте қиын. Менің қасымда ата-анам, ағайын-туысым, туған бауырларым болды. Сонымен бірге мені жақсы көретін жандар мені қаумалаған кезде, менен үміт күткен кезде солардың үмітін жерге тастағым келмеді. Олардың маған артқан үмітін ақтап шыққым келді. Мен өзімді үлкен команданың капитаны сезіндім, егер мен құласам, менен үміт күткен көп адам құлайтындай көрінді. Соның арқасында деп ойлаймын, қиынкүндер артта қалды.Сахнаға қайта оралуға да күш берген осы айналамдағы адамдардың үмітін ақтауға тырысу. Қазір де шаршаған сәтте жігерді айналамдағы адамдардан, әке-шешемнен, баламнан алам. Олар берік жандар. Рухы мықтылар тіреп тұрса, сені құлатпайды. Құлап бара жатсаң да, сынып бара жатсаң да аман алып қалады. Тіл-көз тасқа, жан-жағым, жан-күйерлерім мықты. Балам – бауыр етім. Менің омырыла сынғанымды балам көрсе не болады? Батырмын, қайсармын деп айта алмаймын, бірақ, жақындарымның үмітін ақтауды өзіме тірек етіп алғанмын. Алғашында оңашада көп жылайтынмын. Сынып кете жаздаған сәттер де болды. Бірақ, түсінгенім қиналғаныңда қайғыға мойынсынбау керек екен. Бәрі де өткінші, сынақ қой…

- Сіздің өміріңіз туралы «Қазақфильм» деректі фильм түсірді. Осы фильм туралы айта кетсеңіз. Басты мақсат сіздің өміріңіздегі қиындықтарды жеңу туралы көрсету болған сияқты.
-Президентіміз Нұрсұлтан Әішұлы Маңғыстауға келгенде, мен ол кісінің алдында ән айттым. Көлік апатынан кейін сахнаға қайта шығып жүрген кезім. Аяғымды ауырсынып жай қозғаламын, бірақ әнді жан-тәніммен беріліп айтатынмын. Сонда Елбасы жергілікті азаматтардан: «Мынадай талант иесі Маңғыстауда неғып жүр? Неге үлкен сахнаға шықпайды?» деп сұраған екен. Олар жол-көлік апаты туралы, денсаулығым туралы баяндап беріпті, мұны естіген Елбасы мен жайлы фильм түсіруге ұсыныс айтады. Кейін осы деректі фильм түсірілді. Үлкен сахнаға да шықтым.

- Үлкен сахнаға шыққан соң, әнші ретінде бірқатар жетістіктерге жеттіңіз. Жетістік формуласы дегенді қалай түсінесіз?
-Жетістік формуласы біреу-ақ, ол – төзім, батылдық.

– Төзім мен батылдықтың белгiлi бiр шарттары бар ма?
– Әрине, шарттары бар. Төзімді болу қиын сәтте ертеңгі күннен күдер үзбеу.

Мақсатты анықтап алып, соған жету жолында әрекет ету. Батыл болу - сол әрекет жолында кездескен қиындықтың бәрінен тайсалмау.

-Абай атындағы Педагогоикалық университеттің психология мамандығы бойынша магистратураны аяқтапсыз. Орта жастан асқан тұста мұндай шешім қабылдауға не себеп болды?
-Менің психологиямен айналысқаныма біраз жыл болды. Адамның өзін-өзі зерттеуі-өте тылсым дүние екен. Зерттеу әуелі өзімнен басталды. Кейін басқалардың жан-дүниесіне зер сала бастадым. Соның арқасында көп дүниені түсіндім. Көптеген сұрақтар пайда болды, оған жауап беретін жандарды іздедім. Өзімнің қанымда бар деп ойлаймын, бір нәрсені сезіп тұрамын, алдын-ала бір нәрселерді сезіп тұрамын. Сезімталдаумын. Соны ғылыми тұрғыда зерттеп, кілтін тапсам деп ойладым. Құдай күш-қуат берсе, білімімді ары қарай жалғастырып, докторантураға түсу ойымда.

-Болашаққа жоспарыңызбен бөліссеңіз?
Жоспар деп айтпай-ақ қояйыншы, менің ойым –жеке концертімді өткізу. Осы жылдың мамыр айына белгілегенмін, бірақ денсаулығым болмай, ауырып қалдым. Соған байланысты, күзге қалдырдым. Алла амандық берсе, күзде, Астана қаласында жеке концертім өтеді. Қазір репертуарым жаңа әндермен толықты, жаңа үнтаспа дайындап жатырмыз, бұрын айтқан кейбір әндерімді тыңдармандарымның сұрауы бойынша қайта жаңарттым. Жаңа әндерімнің біріне бейнеклип түсіруге дайындық үстіндеміз.

-Тамара, қазақстандық шоу-бизнеске бет бұрсақ. Қазақстандық шоу-бизнесте не жетіспейді?
– Бәсеке жоқ. Қазір халықтың талғамы өсті. Сұраныс бар, ұсыныс жоқ. «Бір ортақ іске жұмылып, ән өнерін дамытайық!», деген ниет жоқ болса, қандай бәсеке болмақ? «Әр молда білгенін оқиды» дегеннің кері келіп жүр. Әркім білгенінше әнші болып жүр. Бұрын көркемдік кеңес деген болатын. Қазір «кім қайда жүр, қандай ән орындап жүр?», деп толғанған жанды көрмедім. Бір үлкен мемлекеттік Одақ құрылса, оған тек кәсіби әншілер мүше болса дұрыс болар еді. Ал, қазір шөпті де, шөңгені де ән етіп айтып жүргендер көп. Бірін-бірі қайталайды. Бәсекелістік болсын, өнер дамысын десек бір ұйым жүйелі қызмет етуі керек секілді. Сонда деңгейіміз өсіп, өзге елдердің әншілерімен теңдесе аламыз.

-Бүгінде жеке қаражатты басқару деген тақырып ең өзекті. Сіз жеке қаражатыңызды қалай басқарасыз?
-Әрбір адамға айтарым – ешқашан біреуге күніңді қаратпасын, біреудің қолына қаратпасын. Кең дүниені көретін көзің ашық боп, өз аяғыңда өзің тұрып, екі қолың аузыңа жетіп тұрсын. Маған қолдау білдірген адамдар өте көп, демеу болған жандар көп. Үлкен бизнесті басқарып отырған, үлкен мекемені басқарған адамдар қолдау көрсетті. Бірақ мен олардан қайталап, емізіктеніп ештеңе сұрамаймын. Мен – жеке қаражатымды мықты басқаратын адаммын. Артық шашау шығармаймын, босқа ақшаны шашпаймын. Өзімнің құрып қойған бір айлық калькуляциям бар, ол тағамға, киімге қысым жасамау және міндетті түрде адамда артық ақша, қор жиналып тұруы керек. Оған қатты мән берем, адам жиналған қорға ұқыпты болса, көп нәрсеге қол жеткізеді. Менің жеке концертім, менің киген киімім, менің түсірген клиптерімнің барлығы – өзім тапқаным, халықтың маған берген несібесі. Кез-келген нәрсенің берекесі мен берекеті бар, сол береке мен берекетті келтірсе, несібе далаға кетпейді.

-Тамара, артық қаражатыңызды инвестициялайтын шығарсыз?
-Міндетті түрде! Менің негізгі инвестициям – Қамбар ғой, ұлым. Оның білімі мен тәрбиесінен ешнәрсе аяғым келмейді. Артылған ақшамды депозитке саламын,сосын мал аламын. Жылқы жануарын қатты жақсы көремін, Маңғыстауда фермам бар. Бәйгеге қосатын ат баптаймын, қалғандары – жылқы мен түйе. Осы мал шаруашылығына табысымнанміндетті түрде ақша бөлемін. Бұл туралы журналистерге айтпаған едім, сіздерге бірінші рет айтып отырмын.

-Жастарға қандай тілек айтасыз?
-Өзімнен кейінгі жастарға айтарым, жақсылыққа да, жамандыққа да төзе біліңдер! Төзім деген нәрсе бар, қуанған кезде құтырып кетесің, төзімді жоғалтасың, қиналған кезде де төзім жоқ болып кетеді. Төзімді болыңдар, табанды болыңдар! Қазіргі адамға жетіспейтін қасиеттер осы.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер