Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлері үшін 2014 жылғы 26 мамырда өткен Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама

«Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің назарына

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2014 жылғы 26 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысын хабарлайды.
17669537 дауыс беруші акцияларды иеленетін 3 акционер (Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 98,87%) қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
I. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
  3. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2013 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  4. 2013 жылғы таза табысты бөлу тәртібін бекіту;
  5. "Kaspi Bank" АҚ резервтік капитал шотын (шот СГК 3510) тарату туралы және қалдықтарды өткен жылдардағы бөленбеген пайда шотына (шот СГК 3580) аудару;
  6. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2013 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша бір артықшылықты акцияға есептегенде дивидендтердің мөлшерлерін, төлеу тәртібін мен мерзімдерін бекіту;
  7. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2013 жылға бір жай акцияға есептегенде дивидендтердің мөлшерлерін, төлеу тәртібін мен мерзімдерін бекіту;
  8. 2014 жылы «Kaspi Bank» АҚ-тың қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
  9. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту;
  10. «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту;
  11. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесін және акциялардың құнын оларды «Kaspi Bank» АҚ сатып алған кезде анықтау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту;
  12. Есеп комиссиясы мүшелерінің өкілеттіліктерін тоқтату. Есеп комиссиясының жаңа құрамын сайлау, оның өкілеттілік мерзімін анықтау.
  13. Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері және оларды қарау қорытындысы туралы мәселені қарау;
  14. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесіне өз міндеттемелерін орындағаны үшін төленетін сыйақы мен шығыстар өтемақысының мөлшері мен оны төлеу шарттарын анықтау.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

II. «Kaspi Bank» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекітілсін. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ Жарғысына қол қоюға уәкілеттілік берілсін, Жарғы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес заңда белгіленген тәртіппен тіркелсін және нотариатта куәландырылған көшірмесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне жолдансын.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

III. Аудитордың есептерін ескеріп, «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның еншілес компаниялары «Kaspi Сақтандыру» АҚ-тың, Caspian Capital B.V. мен «АРК Баланс» ЖШС-ның 2013 жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

IV. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2013 жылғы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: Банктің 2013 жылғы таза табысын бөлу

Көрсеткіш Мың тг
ХҚЕС бойынша Банктің 2013 жылғы таза пайдасы (шоғырландырылмаған) 29,742,079
Резервтік капиталға аударымдар Жоқ
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу Бір артықшылықты акция үшін 70 теңге есебінен акциялардың нақты саны бойынша
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу Жоқ
Банктің қорларына аударымдар Таза табыстың қалған бөлігі

2013 жылдың нәтижесі бойынша Kaspi Bank» АҚ-тың таза табысын бөлудің мынадай нормативтері бекітілсін:

Көрсеткіш Норматив
Банктің таза табысы Факті бойынша
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу Бір артықшылықты акция үшін 70 теңге есебінен
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу жоқ

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

V. "Kaspi Bank" АҚ резервтік капитал шотын (шот СГК 3510) тарату және қалдықтарды өткен жылдардағы бөленбеген пайда шотына (шот СГК 3580) аудару бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

VI. 2013 жылдың қорытындысымен «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер бір жай акцияға 70 теңге мөлшерінде төленсін.

Төлем Банктің артықшылықты акциялары бар және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерге төленуі тиіс.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 24-бабына сәйкес: 2013 жылғы «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу басталатын күн болып 2014 жылғы 03 маусым белгіленсін.

«Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер мына тәсілдермен:
а) жеке және заңды тұлға акционерлерге – «Kaspi Bank» АҚ-тың тиісті шоттарына (алынбаған дивидендтер бойынша кредиторлар) және акционерлердің ағымдағы шоттарына дивидендтерді аудару арқылы;
б) жеке және заңды тұлға акционерлерге тиісті өтініштері болған кезде – өтініштерде көрсетілген банктік деректемелер бойынша дивидендтерді аудару арқылы төленсін.

«Kaspi Bank» АҚ Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы ақпаратты артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетін мерзім басталар алдындағы бес жұмыс күні ішінде «Kaspi Bank» АҚ Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

VII. 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Kaspi Bank» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін.

«Kaspi Bank» АҚ Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес жай акциялар бойынша дивидендтер төленбейтіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Kaspi Bank» АҚ Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

VIII. 2014 жылы «Kaspi Bank» АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып «Делойт» ЖШС анықталсын. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесіне 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізгені үшін «Делойт» ЖШС-ға төленетін сыйақы мөлшерін анықтау тапсырылсын.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

IX. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

X. «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

XI. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесі және акциялардың құнын оларды «Kaspi Bank» АҚ сатып алған кезде анықтау әдістемесі жаңа редакцияда бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

XII. Акционерлердің тиісті жалпы жиналысында қайта сайланғанға дейін екі жыл мерзімге мына құрамда 3 адамнан тұратын есеп комиссиясы сайлансын:

Дербес:
Есеп комиссиясының төрайымы – Березняк Алла Михайловна;
мүшелері: - Монанникова-Дзюбак Елена Владимировна;   
- Базарбаева Асия Сергазиевна.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

XIII. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері жөніндегі ақпарат назарға алынсын.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс

XIV. Ірі акционер – «Kaspi Group» (Каспи Групп) АҚ-тың Директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен төлеу шарттары туралы ұсынысы бекітілсін. Директорлар кеңесі мүшелерінің олардың өз міндеттемелерін орындауымен байланысты шығыстары іс жүзінде жүргізілген шығыстарына сәйкес өтелсін.

«Жақтаушылар» - 17 669 537 дауыс







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер