Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Kaspi Bank теңгедегі депозит бойынша мөлшерлемені 14,9%-ға дейін көтереді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын депозиттері бойынша сыйақының ықтимал ең жоғары жылдық мөлшерлемесін көтерді. Енді Kaspi Bank-те теңгедегі депозит бойынша тиімді мөлшерлеме – 14,9%.

Сонымен бірге Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры валютадағы депозиттер бойынша ықтимал ең жоғары жылдық мөлшерлемені 3%-дан 2%-ға дейін азайтты.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының талаптарына сәйкес Kaspi Bank-тің депозиттерінің сыйақы мөлшерлемесі әрдайым ең жоғары болған, – дейді Kaspi Bank-тің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. – Қордың шешімі клиенттерімізге теңгедегі Kaspi Депозиті бойынша 14,9% – ықтимал ең жоғары тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсынуға мүмкіндік береді».

Kaspi Депозиті – шамамен 500 000 қазақстандық пайдаланып отырған ең танымал депозиттердің бірі.

Kaspi Депозитін Kaspi Bank-тің кез келген бөлімшесінде бар-жоғы 5 минутта жеңіл әрі оңай ашуға болады. Депозит ашу үшін ең аз сома – 1000 теңге, 10 доллар немесе 10 еуро. Депозитті бүкіл еліміз бойынша 4000-нан астам Kaspi терминалдарынан толықтыруға болады және депозит жайлы ақпаратты үйден шықпай-ақ, банктің бөлімшесіне бармай-ақ, Kaspi.kz cайтынан тексеруге болады.

Сондай-ақ клиенттеріміз ай сайын пайыздың есептелгені туралы, депозиттен ақша алынған, оны толықтырған әрбір жағдай туралы және бонус есептелгені туралы ақпаратты тегін SMS-сервис арқылы алады.

Біздің барлық сүйікті салымшыларымыз – Kaspi Бонус әмбебап бағдарламасының қатысушылары және Kaspi.kz-те жасалған төлемнен және әлемнің кез келген дүкенінде Kaspi Bank-тің картасымен сатып алған кезде бонус алады.

Толығырақ ақпаратты Сіз Kaspi Bank-тің кез келген бөлімшесінде немесе 9999 нөмірі арқылы ала аласыз.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер