Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ Visa International-дың Принципті мүшесі мәртебесін алды

CEMEA аймағының Басқарушылар комитеті Каспий Банкінің мәртебесін VISA-ның Принципті мүшесіне көтеру жөнінде оң шешім қабылдады. Visa International сондай-ақ банкке сауда эквайрингіне* лицензия берді.

Енді Каспий Банкі осы ұйыммен делдалдарсыз ынтымақтасуға және принципті мүшеліктің көптеген артықшылықтарын алуға мүмкіндік алды.

– Мәртебеміздің көтерілуі халықаралық қаржы институттарының тарапынан Каспий Банкіне деген сенімін тағы да дәлелдеді, бұл оның қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін білдіреді, – дейді Каспий Банкінің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біздің Банктің мәртебесі қысқа мерзімде көтерілді, бұл – командамыз бен Visa-дағы әріптестеріміздің сіңірген зор еңбегі.

Жедел несиелеу бойынша  клиенттер санының көптігі - Каспий Банкінің ең басты артықшылықтарының бірі. Қазіргі таңда клиенттік дерекқор 800 мыңнан астам клиенттен тұрады. Тұтыну шешімдерінің талдамаларына және клиенттердің ықыласына сүйеніп,  болашақта Каспий Банкі қолданыстағы жедел несиелеу бизнесінің базасында жаңа өнімдерді ұсынатын болады.

– Жеке тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, шағын және орта бизнесті несиелеу бизнесін дамыту – біздің банктің стратегиялық басымдылығы, – деп жалғастырды Михаил Ломтадзе. – Visa-мен ынтымақтастықты жалғастыруымыз және мәртебеміздің көтерілуі банкке өз клиенттерімізге инновациялық өнімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

*Сауда эквайрингі – банктің сервистік сауда кәсіпорнына көрсететін қызметі және осы ұйымға өз тауарлары мен қызметі үшін пластикалық карталарды төлем құралы ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін қызмет.

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд теңгеден асатын активтерімен және 41млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пункттен құралады. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток Baring Private Equity International құрамына, ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасындағы $3,5 млрд активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқару тобына кіреді. www.bvcp.ru


Қосымша ақпарат алу үшін мына  маманға  хабарласу керек:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл.пошта:  Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-777-232-51-12
+7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
26 наурыз 2008 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер