Наурыз мейрамына сый
19 наурызда Ақтөбеде, «Мерей» құрылыс сауда үйінде көптен күткен «Қонаев, 167 а» бөлімшесі ашылды. Сауда үйіне келушілер, сондай-ақ қаладағы ең үлкен «Шығыс» киім-кешек базарының сатып алушылары мен сатушылары kaspi bank қызметін аптасына жеті күн бойы пайдалана алады: несиелерді алуға және төлеуге, депозиттерді ашуға әрі толтыруға, аударымдарды жасауға. Клиенттердің уақытын үнемдеу үшін бөлімшеде өз бетінше төлеуге болатын терминал орнатылған. Оның көмегімен уақытыңды кезекте тұрып өткізбей-ақ несиені төлеуге және депозитті толтыруға болады.
Казіргі уақытта Ақтөбеде kaspi bank-інің 9 бөлімшесі жұмыс істейді.
Жаңа бөлімшенің мекенжайы
Ақтөбе қ., Қонаев к-сі, 167а