Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Банк «Каспийский» АҚ өз қызметінің 2008 жылдың 6 айының нәтижелерін хабарлады.

2007 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда
2008 жылдың 6 айының негізгі нәтижелері:

  • Активтері – 267 миллиард теңге, 216 миллиард теңгеден 23%-ға артты
  • Несие портфелі – 188 миллиард теңге, 143 миллиард теңгеден 31%-ға артты
  • Клиенттердің депозиттері – 98 миллиард теңге, 72 миллиард теңгеден 36%-ға артты
  • Меншікті капитал – 43 миллиард теңге
  • Таза пайда – 2,3 миллиард теңге

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда, активтері 23%-ға, 216 млрд теңгеден 267 млрд теңгеге артты, несие портфелі 31%-ға, 143 млрд теңгеден 188 млрд теңгеге артты, депозиттер шамамен 40%-ға, 72 млрд теңгеден 98 млрд теңгеге артты. Меншікті капитал мен таза пайда сәйкесінше 43 млрд теңгені және 2.3 миллиард теңгені құрады.

«Әлі де болып жатқан әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік, – дейді «Банк «Каспийский» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Соңғы 12 айда біз өз активтеріміз бен несие портфелімізді арттырдық. Сондай-ақ бізде депозиттер 36%-ға артты, бұл – Қазақстан банктері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі».

Каспий Банкі Директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким жартыжылдықтың нәтижелері туралы әңгімелей отырып, өз тарапынан былай деп түсініктеме береді: «Бәсекелестеріміз сандық көрсеткіштермен айналысып, өз баланстарын өсіріңкіреп айтып жатқанда, Каспий Банкі ішкі жақсартулармен айналысты. Нәтижесінде біз тұрақты дамып жатырмыз. Бізге салымшыларымыз бен инвесторларымыз сенеді. Халықтың депозитінің 40%-ға дейін өсуі – біздің даму стратегиямыздың дұрыс таңдалғанының ең керемет мойындалуы деп білеміз. Каспий Банкінің мықты акционерлері, халықаралық кәсіпқой командасы бар, көптеген қазақстандық ойыншыларға қаржы қорларына кіру қиынға соғып отырған жағдайда, халықаралық қаржы институттарының көңілі біздің банкке ауып отыр, олар біздің банкті несиелендіріп отыр».

Шындығында, Каспий Банкі – соңғы 12 айда жетекші халықаралық институттардан қомақты қаржыландыруды тартып отырған қазақстандық жалғыз банк.

«Біз 220 млн долларға ұзақ мерзімді қаржыландыруды: 120 млн долларды Еуропа қайта құру және даму банкінен, 100 млн долларды Халықаралық қаржы корпорациясынан тарттық, – дейді Михаил Ломтадзе. – Жақын арада біз қосымша 150 млн доллар тартуды жоспарлап отырмыз».

«Стратегиямыз бір мақсатты көздейді: өз клиенттерімізге талап етілетін жоғары сапалы қызмет көрсету, – деп толықтырды Михаил Ломтадзе. – Жылдың соңына дейін Каспий банкі өз клиенттеріне жаңа депозит пен несие өнімдерін ұсынады, бірінші кезекте жеке тұлға сегменті мен ШОБ-қа ерекше назар аударады».

Бұдан басқа, банк жақсы қаржы көрсеткіштеріне қол жеткізді. Каспий Банкі әлеуметтік жауапты қаржы институты бола отырып, мақсатты түрде өз қызметкерлерін қысқартумен немесе филиал желісін қысқартумен айналысып отырған жоқ.

«Көптеген бәсекелестерімізден өзгешелігі – біз бірде-бір қызметкерді қысқартқанымыз жоқ, филиал санын да қысқартқан жоқпыз, – деп жалғастырды Михаил Ломтадзе. – Каспий банкі жайма шуақ кезеңде де, қиын-қыстау кезеңде де өз клиенттері үшін тек қана сенімді серіктес қана емес, сонымен қатар тұрақты жұмыс беруші болуы тиіс деп есептейміз».

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 267 млрд теңгеден асатын активтерімен және 43 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 150 бөлімше мен 514 пункттен құралады. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, Каспий Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток Baring Private Equity International құрамына, ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасындағы $3,5 млрд активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқару тобына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл.пошта: Zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-777-232-51-12
+7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
12 тамыз 2008 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер