Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Қаһармандар Kaspi-мен бірге: Әлемді жақсартқың келсе, өзіңнен баста!

13 қаңтар күні Kaspi Bank қазақстандықтарға «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» жарнамалық науқанының жалғасын ұсынады.

«Алдыңғы науқанда біз марафоншы және Гиннесс рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы Марат Жыланбаев туралы әңгімеледік, – деді Kaspi Bank-тің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. – Қазақстандықтардың көптеген оң пікірлері мен алғыстарын алдық. Осы жолы біз әр адамның айналасындағы әлемді жақсарта алатыны туралы айтқымыз келеді. Бастысы бәрін өзіңнен бастап, дұрыс таңдау жасай білу. Біздің қаһарманымыз – «Нұр» отбасылық балалар үйінің негізін қалаушы, 350 баланың анасы Тұяқ Қазкенқызы Есқожина».

Он алты жыл бұрын ересек үш баланы ер жеткізген ана Тұяқ Қазкенқызы Алматыдағы пәтерін сатып, Талғарда отбасылық балалар үйін құрады. 16 жылдың ішінде Тұяқ Қазкенқызы ең үлкен жанұяны құрып, 350 баланы тәрбиелеп отыр!

Біздің қаһарманымыз әр баланың ата-ананың махаббатына, жан жылуына, мейіріміне құқығы бар екеніне кәміл сенгендіктен, осындай қадамға барды. Қаһарманымыз балалардың өмірдегі жолын табуына, еліміздің қадірлі азаматы болуына көмектесуді өз мақсаты санайды. Өйткені ертеңгі өміріміздің қандай болатыны дәл осы өскелең ұрпаққа байланысты ғой.

Қазіргі уақытта Тұяқ Қазкенқызының жүзден астам баласының жоғарғы білімі бар, олар әскери қызметкер, дәрігер және мұғалім болып жұмыс істейді. Көпшілігі отбасын құрған. Тәрбиеленушілердің бір бөлігі әлі кішкентай және болашақ мамандығын енді таңдағалы жүрсе, қалғандары оқып жүр.

Тұяқ Қазкенқызы Есқожинамен «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» науқаны ұлттық телеарналарда, баспасөзде, радиода, әлеуметтік желілерде және www.kaspi.kz сайтында жүргізіледі.
«Қаһармандар Kaspi-мен бірге» науқаны таңғаларлық нәтижеге қол жеткізген қарапайым қазақстандықтар туралы әңгімелейді. «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» науқанының әр кейіпкерінің өмір жолы – өзінше ерекше жол. Әр кейіпкердің тарихының негізінде қайталанбас нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін қажырлы еңбек пен таңғаларлық ерік-жігер жатыр. Біз әр әңгіме әрқайсысымыз үшін шабыт көзі мен еліктеуге үлгі болады деп үміттенеміз.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер