Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank сұлулық индустриясын қаржыландырады

Атақты «Mon Amie» косметикалық дүкендер желісі kaspi bank-інен өз дүкендерінің желісін екі еселеуге 20 миллионнан астам доллар болатын жаңа несие желісін алатын болды.

kaspi bank алдыңғы қатарлы «Mon Amie» порфюмерлік-косметикалық дүкендер желісін дамытуды қаржыландыруға 20 миллионнан астам долларды беретін болды. Қазіргі сәтте желі құрамына 15 дүкен кіреді және компания kaspi bank-інің қаржыландыруының көмегімен дүкендерінің санын екі еселеуді, ал 2011 жылы олардың санын 40-қа дейін жеткізуді жоспарлап отыр. «Mon Amie» дүкендеріндегі орташа чек шамамен 50 долларды құрайды.

– 2008 жылғы статистика бойынша Қазақстандағы бөлшекті желілердің сатылымдары орта есеппен 20-30% төмендеді, алайда «Mon Amie» дүкендерінде, керісінше, 10% көтерілді. Дағдарыс жағдайындағы бұл құбылысты жай ғана түсіндіреміз: біздің ханымдарымыз әрқашан әдемі болып көрінгісі келеді, – дейді «Mon Amie» косметикалық дүкендер желісінің Бас директоры Ербол Борамбаев. – Қыздар бәрібір диетаға отырып, жаңа далап сатып алады. Кейбір зерттеулерге сай, дағдарыс уақытында «белдемше қысқарып, еріндер жарқын бола түседі». Бірақ соңғы жылдары Қазақстандағы қызықты бір бағыт – қыздар біршама қымбат бағалы косметика маркасының тауарларын көбірек сатып алатын болды.

– kaspi bank-інің несие саясаты қарапайым қазақстандықтардың қажеттіліктеріне бағытталған, – деп, несие желісін ашуды түсіндіреді банктің басшысы Михаил Ломтадзе. – Корпоративтік клиенттерге де сондай қарым-қатынас – бізге көп клиенттермен жұмыс жасайтын, яғни қарапайым адамдардың қажеттіліктеріне бағытталатын компаниялар ұнайды. Халықаралық қаржы дағдарысының біздің аруларымыздың әрдайым бұдан да сұлу көрінуге әрі ер-азаматтарының сүйіктілеріне сыйлық жасауға деген ниетіне әсері болмағанына ризамыз. Біз еліміздегі №1 порфюмерлік-косметикалық дүкендер желісі болуға ұмтылатын «Mon Amie» желісін қаржыландыратынымызға қуаныштымыз.

– Біздің алдымызға қойған басты мақсаттарымыздың бірі – қазақстандықтар мойындауға, яғни «қазақстандық» болуға тиіс, әйелдерге қазіргі заманғы әлемдік порфюмерия мен косметика ағымдарына жақын болуға көмектесін дүкендер желісін құру, – деп қорытындылайды Ербол Борамбаев.

Несиелік белсенділігінің арқасында, kaspi bank 2009 жылдың басынан бастап қазақстандықтарға тұтыну қажеттіліктеріне шамамен 100 мың несие берді. Бір жылдың ішінде банк оның несие өнімдерін біршама тартымды ететін және қазақстандақтардың көпшілігі өз өмірлерін жақсартуға несие ала алатындай акциялардың сериясын іске қоспақ.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
26 мамыр 2009







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер