Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Демінді алшы, бүлдіршін»

kaspi bank Алматы қ. балалар реанимациясын жабдықтауға 200 мың доллар бөлді

12 сәуірде Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасында Алматы қаласының 5 перзентханасының балалар реанимациялық бөлімдеріне жабдық табыс етілді. «Аяла» қайырымдылық қорының «Демінді алшы, бүлдіршін» жобасының екінші кезеңі осылай аяқталды. «Kaspi Bank» АҚ қазіргі заманғы жабдықты сатып алуға 200 мың доллар бөліп, екінші кезеңді толықтай қаржыландырды.

«Демінді алшы, бүлдіршін» жобасы Қазақстан Республикасының перинаталдық орталықтары мен перзентханаларының балалар реанимацияларын өмірлік қажетті жабдықпен жабдықтауға бағытталған. Банктің қолдауының арқасында Алматы қаласының перзентханаларына дем алу аппараттары, реанимациялық үстелдер, перфузорлар мен инфузоматтар табыс етілді.

«Біз перзентханаларға берген жабдық 38 845 248 теңге тұрады, – дейді «Аяла» қайырымдылық қорының Президенті Айдана Сүлейменова. – Ол түрлі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерді қарауға арналған, шала туған пациенттерді емдегенде оның маңызы зор. Қазақстандық бизнес флагмандарының көмегінсіз қордың кез келген жобаларын іске асыру мүмкін болмас еді. Kaspi bank балалар өлімін азайтуға бағытталған жобаларға көмектесе отырып, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосуда.»

2009 жылы kaspi bank «Демінді алшы, бүлдіршін» жобасының бірінші кезеңін іске асыру үшін «Аяла» қайырымдылық қорына 15 млн теңге бөлген болатын. Қаржыландырудың арқасында қор еліміздің шала туған балаларды қарауға арналған еліміздің ең ірі босану мекемесінде – Алматы қаласының перинаталдық орталығында барлық қажетті жабдықтарды орнатты, мұнда жылына 7-7,5 мың әйел босанады. Жобаның бірінші бөлігі Алматы қаласының перинаталдық орталығындағы шала туған нәрестелердің өміршеңдігін 5%-дан 24%-ға дейін арттыруға септігін тигізді.

Нәтижелерді көріп, банк екінші кезеңді қарджыландыруды толығымен өз мойнына алып, Алматы қаласының барлық перзентханаларын бірегей жабдықпен жабдықтады.

«Адамдардың арасындағы серіктестік, достық, отбасылық қатынастарды қолдау әрі нығайту – біздің құндылықтарымыздың бірі. Балалар, олардың денсаулығы мен болашағы – кез келген отбасының ең үлкен бақыты. Жүздеген қазақстандықтар осы бақытқа ие бола алатынына септігімізді тигізгенімізге қуаныштымыз, – деді жабдықты табыс ету рәсіміне қатысқан «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. – kaspi bank қарқынды дамып келеді, былтырғы жылы біз жалпы сомасы 21 млн теңгеден асатын түрлі әлеуметтік жобаларға қолдау көрсеттік. Бұл іске асырылған жобалар Қазақстан халқының игілігіне қызмет етуде, біздің іс жүзіндегі қадамымыз – kaspi bank-інің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарына шынайы берілгендігінің айқын дәлелі.»

Банк дәстүрлі түрде қолдайтын жобалар – балалар үйлерін компьютерлік сыныптармен жабдықтау және ҰОС ардагерлеріне көмектесу.
 
«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд теңгеден астам активтерімен және 44 млрд теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі шамамен 200 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 тұтынушылық несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы –Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) жетекші тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, СладKо, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
12 сәуір 2011 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер