Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Каспийский» Банкі» АҚ атауын өзгертуді жоспарлайды

2008 жылғы 26 қыркүйекте акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі «Каспийский» Банкі» АҚ атауын өзгерту болмақ.

Каспий акционерлері жиналысының күн тәртібіндегі банк атауын өзгерту мәселесі банк топ-менеджменті жасаған қисынды қадамдардың бірі. Екі жыл бұрын «Бэринг Восток» тікелей инвестициялар қоры Каспий банкінің ірі меншік иесі болғаннан кейін, банкте жағымды іргелі өзгерістер болды. Каспий банкі халықаралық инвестордың септігімен банк бизнесін жүргізудің ең үздік халықаралық тәжірибесін алды.

– Қазақстанның банк секторы біршама жас болғандықтан, Каспий банкінде біз енгізетін барлық батыстық әдістемелер мен технологиялар оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді, – деп түсіндіреді Каспий банкінің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біз клиенттердің қажеттіліктеріне бағытталған ең үздік банкті қалыптастырудамыз.

Жетекші халықаралық маркетингілік компаниялардың көмегімен Каспий банкінің қабылдануын егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, банктің топ-менеджменті бренд эволюциясын және даму стратегиясын әзірледі. Осы стратегия аясында банк биылғы жылдың күзінде ребрендинг өзкізеді.

– Біз үшін бұл «ораманы» ауыстырудың формалды тәсілі емес, – деп толықтырды Каспий банкінің директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким. – Біз мұның барлығын банк үшін маңызды құндылықтар болып табылатын серіктестікке және клиенттердің өз мақсатына бізбен бірге және біздің көмегімізбен қол жеткізуіне көмектесу ниетіне баса назар аударып, тек клиенттеріміз үшін жасаймыз.

«Каспийский» Банкі» АҚ:
«Каспийский» Банкі» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 43 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтыну несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Каспийский» Банкі» АҚ инвесторы болып табылады. www.bc.kz

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған қорлардың инвестициялық кеңесшісі болып табылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда $600 млн. астам қаржы инвестициялады. Олардың портфелінде «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қорының холдингтік компанияларының бірі «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы болып табылады. www.bvcp.ru

Қосымша ақпарат алу үшін мына мамандарға хабарласыңыз:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (727) 250-18-00 (ішкі1376)
Эл. пошта:  zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
26 тамыз 2008 ж.






КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер