Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 22 миллион теңге бөліп отыр

Жеңіс күніне орай «Kaspi Bank» АҚ 22 миллион теңге бөліп отыр, бұл ақшаны банктің клиенттері болып табылатын 4,5 мыңға жуық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері алады.

Қызметкерлер «Kaspi Bank» АҚ-тың клиенті болып табылатын әр ҰОС ардагеріне 5 мың теңге мөлшерінде ақша беру үшін оларды банкке шақырады не қажет болған жағдайда ақшаны үйлеріне жеткізіп береді.

- Бұл адамдардың қайсарлығы, ерен еңбегі мен ұмытылмас ерлігі бүгінгі бейбіт өмірдің негізі болды, – дейді «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. – Осы аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсете отырып әрі игі дәстүріміз бойынша kaspi бүкіл Қазақстандағы біздің банктің клиенті болып табылатын 4,5 мыңға жуық ардагерге материалдық көмек көрсетеді. Біздің өмірге келгеніміз үшін Сіздерге мың алғыс!

Өткен жылы банк 20 млн теңге бөліп, 4 мың ардагерге қаржылық қолдау көрсеткен болатын. Биыл банктің клиенттік базасы кеңейгендіктен, банк бөлетін қаржылық қолдау мөлшері сәйкесінше 22 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
«Kaspi Bank» АҚ клиенті болып табылатын ардагерлердің көбісі Шымкент, Алматы және Қарағанды қалаларында тұрады.

kaspi bank барлық ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 361 млрд. теңгеден астам активтерімен және 41,8 млрд. теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтынушылық несиелерін беру бойынша көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 190 филиал мен бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. 
Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникация департаментінің директоры
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85

Алматы, Қазақстан:
28 сәуір 2011 ж.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер