Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Twitter-дегі бірінші қазақ: «Ең қиын шешімдер шың басында қабылданды»

Біздің клиентіміз Асхат Мырзабаев –  студент кезінен әлемнің ең ірі инновациялық компанияларының бірі - Twitter де жұмыс істеген алғашқы қазақстандық. Университетті аяқтаған соң оның диплом жұмысын Microsoft компаниясы сатып алған. Бүгінгі сұхбатында ол «Силиконды алқапқа» қалай жолы түскенін баяндап, өзінің жетістік сырымен бөлісті. 

- Асхат, сені студент кезіңде-ақ Twitter компаниясына жұмыс істеуге шақырды. Ерекше қабілеттің арқасы ма?
- Жоқ, менің өмірлік оқиғам қарапайым. Атырау қаласында дүниеге келдім. Мектепте оқып жүрген кезімде химиядан кішігірім жетістіктерге қол жеткіздім. Тіпті, пәндік олимпиадалардан жүлдері орын алған кездерім де болды. 2008 жылы университетке инженер – бағдарламашы мамандығына оқуға түскенде мен бұл саладан ештеңені түсінбейтінімді ұқтым. Оның үстіне Қазақстанның білім деңгейін жоғары емес екендігі білген соң, қосымша білім беретін ресурстар іздестіре бастадым.

mit.edu, itunes university деген екі сайттан алдыңғы деңгейлі профессорлардың YouTube – қа жазылған лекцияларын тыңдай бастадым. Осылайша өзімді іштей дамытып, білім алуды жалғастырдым. Әрине, мен университетке лекцияларға баратынмын. Сондай-ақ, интернет арқылы алдыңғы қатарлы технологиялық институттың курстарын да тыңдайтынмын.

Жоғарғы оқу орнында қандай қиындықтар болды?
Университетте оқып жүргенде туындаған ең үлкен қиындық – өзіңе шынымен не керек екенін түсіну еді. Бүгінде көптеген лекциялар әлемнің барлық студенттеріне қолжетімді. Осы қолжетімді білім бізге бірдей мүмкіндіктерге жол ашады. Әлемде барлық адамдардың уақыты бірдей – баршамыздың тәулігіміз 24 сағаттан тұрады. Яғни, бізге жалқаулықтан басқа ештенке кедергі келтірмейді. Интергент арқылы алған білімім батыстық достарымнан еш кем емес дер едім.

- Твиттерге қалай бардың? Оларға хат жаздың ба?
- Шамамен солай болды. Мен бағдарламалаудың бір тілін үйрене бастадым, нәтижесінде осы бағдарламалау тілін  Твиттер қолданған тілге аудару мүмкіндігін таптым. Өзімнің тапқан тәсілімді ашық түрде интернетке салдым да, оларға менің амалымды Андроид и IOS үшін қолданған жағдайда қажетті нәтижеге 2 есе жылдамырақ қол жеткізуге болатынын жаздым. Олар «Жаман емес» деді. Кейін менімен жиі байланысып тұрды. Ал 2011 жылы үшінші курста оқып жүргенімде олар маған тәжірибеден өтуді ұсынды. Осылай үшінші курста оқы жүргенімде «Силиконды алқапқа» жолым түсті.

- Онда сен немен айналыстың?
-  Мен жұмыс жасаған бөлім машиналды машықтану, іздеу және релеванттылық бөлімі деп аталды. Онда барша Твиттерде жұмыс істейтін 250 қызметкердің 50-60-қа жуығы жұмыс жасады. Твиттердегі іздеу жүйесін жетілдіру, немесе сізге біреуді фаллоу жасауды бағдарлама көмегімен  ұсыну сынды шешімдер мен Твиттердегі трендтерге біздің команда жауапты болды.

Мен жеке өзім іздеуді жетілдірумен және ұсыныс жасау жүйесімен айналыстым. Бұл жүйе қолданушыларға қызықты адамдарды оқуды автоматты түрде ұсынады. Әдеттегі қолданушы үшін мұның барлығы қарапайым нәрсе болып көрінгенімен өте қиын еңбекпен келеді. Ойлап қараңыз, жаңа техникалық шешімді шешіп отырсыз, ал, сізге секунд сайын 30 мың жаңа твит келеді. Оны көрген кезде ғана қиындығын түсінуге болады.

Біз бұған дейін қолданылмаған архитектуралық шешімді пайдаландық. Твиттер бұл ретте өте белсенді компания. Мысалы мен Spider Duck деп аталатын жобамен жұмыс істедім. Қазір твиттерде Блумберг немесе Нью-Йорк Таймс сынды жаңалықтар ресурсының сілтемесмен бөліссеңіз, картина немесе тақырыптың автоматты түрде шығып тұратынын көресіз. Twitter Card-ымыз осы.

2012 жылы мұндай қызмет болған жоқ. Бастапқыда біз іске қосқан кезде, Амазон, Вашингтон Пост сынды бірнеше компания үшін ғана қолжетімді болды. Мен Андеройдқа арналған твиттер қосымшасымен де айналыстым. Бірақ, 2013 жылдың мамыр айында компанияда кетіп, Қазақстанға оралдым.

-Неліктен болашағы үлкен компаниядан кетуді шештің?
- Дәл сол кезде мен университетті бітіріп жаттым, сапалы диплом жазуды жөн көрдім.

- Ол мақсатың орындалды. Дипломыңды Microsoft компаниясы сатып алды. Олар қызығатындай қандай еңбек жаздың?
- Твиттерде Стенфордты бітірген менің менторым, арнайы кураторым болды. Мен одан Стенфордтық профессорлардың бірімен таныстыруды ұрадым. Ондағы мақсатым сол университетте сабақ беретін тірі адамды көріп, диплом жұмысына қатысты өз ойымды ұсынғым келді. Осылайша Стенфордпен қатар Беркли университетінің бірнеше профессорымен таныстым. Бұлардың ішінде Нобель сыйлығының мамематика саласындағы баламасы Филдс жүлдесінің иегері Ефим Зельман болды.

Дипломдық жұмысымда математикалық формулалар арқылы, мысалы ұялы телефонмен түсірген қарапайым фотосуреттің 3D үлгісін жасайтын алгортим жасап шығардық.

Мысалы: сіз тәрелкеге, шанышқыға, қасыққа немесе шыныға қарасаңыз, қайсысы сізге жақын тұрғанын, қандай реттілікпен тұрғанын автоматты түрде білесіз. Адамның көзі осылай жасалған. Компьютерге бұлай «көру» қиын. Ол барлық затты бірдей көреді. Менің мақсатым компьютерге нысандарды реттілікпен көруге мүмкіндік беретін 3D-үлгісін жасау болды. 3D компьютерге суреттің тереңдігін түсуніге мүмкіндік беретін трингульяциалар мен арнайы алгортимдердің есебінен құрылады.

Мұны бір фототүсірілімнің көмегімен жасау қиын болды.  Бірақ, біз нысандар бір немесе бірнеше қатарда тұрғанда оларға жарық пен көлеңкенің түсуін есептеу арқылы өз мақсатымызға жеттік. Менің есептеу алгоритмімнің арқасында 77%-ға жуық дәлдікке қол жеткіздік.

Бұл жұмыстың бір бөлігі Стенфорд университетінде жасалды және менің профессорым маған бұл жұмысқа Microsoft қызығушылық танытқанын айтты. Мен жобаны сатуға қарсы болмадым. Қазір оны Microsoft  іске асыруда. Сенің кішкентай алгортиміңді әлемдегі миллиондаған адамдардың пайдаланатыны қуаныш сезімін ұялатады. 

- Асхат, біз сенің тек қана Силикон алқабын ғана емес 40-қа жуық шыңды бағындырғаныңды білеміз. Бұл жаңа қиындықтарды іздеу ма?
- Маған альпинизмдегі еркіндік сезімі ұнайды. Мысалы: велоспортта уақытпен күресесің. Альпинизмде ондай шектеу жоқ.

Бұл қызығушылық тек қана физикалық тұрғыда ғана емес, психологиялық тұрғыда қиын нәрсе. Тауда тек биіктікті шығу ғана ауыр емес, жүктің ауырлығы, ұзақ қашықтыққа жүрумен қатар  тас пен қар көшкініне әрқашан дайын болуың керек.

Альпинизмді өмірмен салыстыруға болады. Сенде арнайы бағыт, яғни алдыңдағы тау бар. Әркез шыңға шығып бара жатып алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің. Мүмкін қалың қар бар шығар, мүмкін жоқ... Мүмкін қатты жел бола ма... Қатты аяз бола ма, болмай ма оны да білмейсің.  Яғни ірқашан жаңа шешімдер қабылдау керек болады. Осы ретте альпинизим өмірге ұқсайды. Менің ең қиын шешімдерімнің барлығы шың басында қабылданды. Мысалы: саған ауа жетпей тұрғанда жылдам шешім қабылдау керектігі бар. Тауда мен көптеген достарымнан айырылдым.

Шыңға шығу туралы айтсам, Қазақстанда 40 шыңды бағындырдым. Екі рет Хантәңірін, оңтүстік жағынан Ленин шыңы мен Жеңіс шыңы екеуін. Еуропада Эльбрус пен Мон Бланға шықтым. Тауда минус  50 градус суықта, ауа жоқ және желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырым , сені алға бастырмайтын кезде, өзіңе тағы 15 шақырым шыңға өрмелей алатыныңды дәлелдей аласың. Өмірде бастысы өзіңе лайық мақсат қойып, оған жете алатыныңды өзіңе дәлелдеу.

-Асхат, ол туралы айту қиын шығар. Бірақ, денсаулығыңа байланысты қиындықтар барлығын жазғаныңнан оқып қалдым...
-  Бұл туралы айтқым келмейді. Мен бұл университетте немесе мектепте, әріптестеріңнің арасында өзіңді нашар сезінуге себеп болады деп есептемеймін. Барлық адамда өзінің ішінде сақтайтын қиындық пен ауыртпалық бар. Барлық адамның өмірінде  «қара жолақ» кездеседі. 

Менің өмірімде ұйықтап, таңертең тұрмай қалуым мүмкін кезең болды. Әрине, барлық адамда ондай болуы мүмкін. Бірақ менде ондай қауіп деңгейі көбірек болды. Мен алдымда әлі  60 жыл өмірім бар, қой, түнгі клубқа барып билеп қайтайын деп ойлай алмайтын едім.

Мен өзім жоспарлаған нәрселерді істеуім керек уақыт барын білемін.  Уақыт сәл көбірек берілсе, оны сәттілік деп санаймын. Кез-келген адамда кету немесе берілу деген болуы мүмкін. Егер кетпесең, «бағындыра» аласың. Бұл тура шың басында тұрғандағыдай сезім.

- 24 жасыңда тамаша жетістіктерге жеттің, өмірің көпшілікке ұқсамайды. Өмірде көбірек жетістікке жетуге не қажет деп ойлайсың?
-Менің байқауымша біздің қоғам томаға-тұйық, жабық. Біз бөліскенді ұнатпаймыз. Мен керісінше ашық болу, идеяларың мен ойларың, біліміңмен бөлісу қажет деп ойлаймын. «Егер білімді болсаң, бөлісу қажет»-бұл мен үшін бірінші дұрыс формула. Сондай-ақ жауапкершілік пен ұқыптылық деген маңызды екі нәрсе бар. Бұл бірақ біздің қоғамның ауруы болып тұр.

Мен алдағы аптада не істейтінімді алдын-ала жоспарлап, күн сайын өз-өзімді дамытуға 2 сағат бөлемін. Мысалы, бүгін оқимын деп доспарласам, кітаптың 5 бөлімін оқып, 10 бет түсінгенімді жазуым керек. Яғни алдыма мақсатқа жетудің асбтрактілі түрі емес, нақты өлшемін қоямын. Мен бүгін БЕЛСЕНДІ жұмыс істеуім керек. Менің БЕЛСЕНДІ БОЛУДАҒЫ мақсатым не? Екі сағаттан істеген ісіңнің нәтижесін көре алуың керек. Сонда барып өзіңнің мақсатыңа 2%-ға жақындағаныңды  білесің. Есте сақтаңыз әрбір кейінге ысырылған іс мақсатыңнан алшақтатып, дамуыңды тежейді.  Менің беретін ең жақсы кеңесім-әрбір істі жоспарлау керек. Сондай-ақ маңызды нәрсенің бірі нәтиже. Егер сен кішкентай жеңіске қол жеткізсең, өзіңмен мақтана алатын нәрсе бар. Әрине сәтсіздіктер болады. Ол барлығымызда бар, ең маңыздысы одан қандай қорытынды шығаратынымыз.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер