Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 


Антонио Бандерос. Конференция

Антонио Бандерас kaspi bank -тің менеджері ретінде жұмыс істеп,
жаңа туған балалардың өмірін сақтап қалуға 38 миллион те ң ге табыс етті

kaspi bank-тің шақыртуымен Қазақстанға алғаш рет әйгілі голливуд актері Антонио Бандерас келді.

Голливудтағы үлкен сұранысқа ие әрі танымал актерлердің бірі бір күн бойы kaspi-дің клиенттеріне қызмет көрсетеді және «Сіз үшін тағы не істей аламыз?» атты слоганмен өткізілетін жарнама науқанына қатысады.

«Біз еліміз бойынша шамамен 300 бөлімше аштық , қазақстандықтарға Қазақстандағы үздік, шарттары бойынша ең икемді әрі мөлшерлемесі барынша жоғары депозитті ұсынып отырмыз, әрі демалыс күндерін қосқанда, күн сайын жұмыс істейміз , - дейді kaspi-дің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. - Клиенттеріміздің игілігі үшін іске асыратын идеяларымыз әлі де көп. Бұл ретте өзімізге қоятын ең басты сұрағымыз мынадай: «сіз үшін тағы не істей аламыз?». Осы жылы Голливудтың жарық жұлдызы Антонио Бандерасты Қазақстанға шақыруды жөн көрдік. Жұлдызды жарнамаға түсіру үшін кез келгені шақыра алады. Алайда біз одан да үлкен іс істегіміз келді және Антонионың біздің бөлімшеде клиенттерімізбен жұмыс істеуге келісімін бергеніне қуанышымыз шексіз».

«Қазақстанға бірінші рет келдім, әрі осы елдегі үздік инновациялық банктің менеджері алғаш рет жұмыс істегелі отырмын, - дейді Антонио Бандерас. – Барлық банктердің kaspi сияқты кешкі сағат сегізге дейін және демалыс күндері де жұмыс істегенін қалаймын. Маған адамдармен сөйлескен ұнайды, қазақстандықтармен, kaspi-дің клиенттерімен асыға кездесемін. kaspi үшін әр клиент маңызды, осы тұрғыдан біз ұқсаспыз. Маған да адамдармен жүздескен, сөйлескен ұнайды, әр клиентке лайықты көңіл бөле аламын деп үміттенемін».

Антонио Бандерас өзінің Қазақстанда болған сапарында клиенттер үшін депозиттер ашудан бөлек, «Аяла» қайырымдылық қорына «Тыныс ал, балақай» жобасы үшін 38 миллион теңге мөлшерінде чекті табыс етті.

«Аяла» қайырымдылық қорының Президенті Айдана Сүлейменова бұл қаражаттың Орал, Ақтау, Түркістан қалаларындағы облыстық перинаталдық орталықтарға медициналық жабдық сатып алуға және оны орнатуға жұмсалатынын хабарлады.

«Тыныс ал, балақай» жобасы 5 жыл бұрын kaspi bank-тің және Директорлар кеңесінің Төрағасы Вячеслав Кимнің қолдауымен басталған болатын, - дейді «Аяла» қорының Президенті. – kaspi bank осы уақытқа дейін 60 млн. теңгеден астам қаржы бөлді, осының есебінен Алматы қаласындағы барлық перзентханалар мен перинаталдық орталықтың балалар реанимация бөлімі өмірлік қажетті медициналық құралдар сатып алды. «Тыныс ал, балақай» жобасының аясында барлығы Қарағанды, Семей, Өскемен, Атырау, Тараз, Ақтөбе, Қызылорды, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Талдықорған және Көкшетау қалаларындағы облыстық перинаталдық орталықтардың балалар реанимация бөлімі уақтылы медициналық жабдыққа ие болды».

Балалар реанимация бөлімі сатып алатын салмағы өте аз және басқа проблемалары бар уақытынан бұрын шала туылған нәрестелердің өмірін сақтап қалуға арналған.

«Жобаның және біздің кезекті салымымыздың арқасында жаңа туған балалардың ата-аналары бірінші деңгейдегі медициналық көмекке ие болады, - дейді kaspi bank-тің Директорлар кеңесінің Төрағасы Вячеслав Ким. - Статистика бойынша бір перинаталдық орталықтың өзінде салмағы өте аз нәрестелердің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі шамамен 5 есеге артқан! Біздің банктің барлық қызметкерлері бұл жобаның көптеген отбасыларына бақыт сыйлап, оларды баланың сылдыр күлкісіне және қуанышқа бөлейтінін ерекше мақтан тұтады. Кезекті қайырымдылық салымымызды Антонио Бандерастың табыс ететініне қуаныштымыз».

38 миллион теңге мөлшеріндегі түпкілікті транш «Тыныс ал, балақай» жобасының қолданылуын аяқтайды.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер