Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының
АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Атқарушы органның толық атауы: «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Басқармасы

Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А»

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына және 41-бабына сәйкес жиналысты шақыру бастамашысы ретінде 2019 жылғы 08 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 10:00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) өтетінін хабарлайды.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін жерде жергілікті уақытпен сағат 09:30-да басталып, жергілікті уақытпен сағат 10:00-де аяқталады.

  • Өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжат болу керек.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға қоғамның дауыс беретін өзіне тиесілі акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Бұл ретте Акционерлік қоғамдар туралы заңның 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі керек.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы 2019 ж. 11 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 10:00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында қайта өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2019 ж. 09 қаңтар.

Күн тәртібі:       

  1. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы;
  3. «Kaspi Bank» АҚ-тың акцияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың ресми тізімінен өз еркімен делистингілеу туралы.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сай күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында жиналыс өткізілетін күнге дейін кем дегенде он күн бұрын дайын әрі қолжетімді болады. Жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпаратпен «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік басқару департаментінде, 8 (727) 356 34 23 телефоны арқылы танысуға болады.

Жалпы жиналыс Акционерлік қоғамдар туралы заңның 48-бабына сәйкес тәртіппен өткізіледі.

Жиналыста сырттай дауыс беру қолданылмайды.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер