«Kaspi Bank» АҚ акционерлері үшін 2014 жылғы қызметтің қорытындысы бойынша Банктің жай
және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына
«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154«А», ЖСК KZ69125KZT1001300249, БСК NBRK KZ KX, КБе – 14, БСН 971240001315,
телефон: (727) 355-14-27, факс: (7272) 50-95-96, Е-mail: office@bc.kz, 2015 жылғы 27 мамырдағы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімінің негізінде 2014 жылғы қорытынды бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша бір акцияға 175 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу басталатын күн – 2015 жылғы 29 мамыр. Төлем Банктің бағалы қағаздардын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде көрсетілген деректерге сай акционерлердің банктік шоттарына теңгеде ақша аудару арқылы жасалады.