Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Белгілі альпинист «Kaspi қаһармандары» ерекше бағдарламасына қатысты

Kaspi «Kaspi қаһармандары» ерекше бағдарламасын жалғастырады. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – ерекше еңбегі мен алға жылжуға құштарлығының арқасында шыңнан шыңды бағындырып, мақсаттарын орындау арқылы ерекше жетістіктерге жеткен қарапайым қазақстандықтар туралы айту.

«Бұл жолы белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев «Kaspi қаһарманы» болды, -дейді Kaspi Bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе, - Бұған дейін әлемнің әйгілі шөлдерін жалғыз өзі бағындырған Марат Жыланбаев, балалар үйін ашып, 350 баланы тәрбиелеген Тұяқ Есқожина қатысқан еді. Бұл қаһармандардың өмір жолы ерекше және әрқайсымызға үлгі болады. «Kaspi қаһарманы» бағдарламасының негізінде жақсы жаққа өзгеру бірінші өзімізден, өзіміздің шешімдеріміз бен өзімізге сенуден басталуы керек деген терең түсінік жатыр».


Мақсұт Жұмаев серіктерімен бірге суық жел мен бет қарыған аязға қарамастан әлемнің ең биік 14 шыңы мен 8 000 метрден асатын тауларын бағындырған. Бұл үшін оған талай рет құлап, тұрып, басқаларға көмектесіп, өзі көмек алып, бұрынғы қателіктерін түзетіп, әрекет етуге тура келді. Альпизизмде табыс тура өмірдегідей - команданың ынтамағы мен өз-өзіңе сенімділікпен келеді.

Мақсұт Жұмаев 8 мыңнан асатын биіктерді арнайы ауа құрылғысынсыз бағындырған әлемдегі 12 альпинистің бірі болды. Бұл арқылы ол Қазақстандағы альпинизмнің дамуына үлес қосты. Қазір әлемдегі ең қиын шыңдарды бағындырушы альпинизмнен ұлттық құраманың капитаны.

«Мен тауларға шығу-менің ісім дегенді сезінуім ешқашан бойымнан кетпесе екен деймін, дейді Мақсұт Жұмаев. - Мен үшін оның қашан басталғаны, қашан аяқталатыны маңызды емес. Мен оның аяқталмағанын қалаймын. Алға жүресің, таудың сынынан өтесің, ол сынақты денең, жаның мен жүрегіңнен өткізесің, әрі бұл арқылы рахаттанасың және жеңімпаздықты сезінесің. Осы сезімнің ұзаққа созылғанын қалаймын».

«Kaspi қаһармандары» бағдарламасы аясында Мақсұт Жұмаевтың қатысуымен Kaspi Bank тамаша видео түсірді. Оны сайттан көруге болады https://kaspi.kz/hero/Maksut. Түсірілімдер Қазақстанда, Іле Алатауының шыңдарының бірінде, Богданович мұздығы маңында түсірілген. Барлық оқиға Алматы қаласының кез-келген жерінен көрінетін Қарлытау шыңында өтті.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер