Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлері үшін 2019 жылғы 01 сәуірде өткен Банк акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама
«Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің назарына

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II ҚР Заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2019 жылғы 01 сәуірде өткен акционерлердің Жылдық жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды.

17 347 716 дауыс беретін акцияны (Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,20%) иеленетін акционердің өкілі қатысты.

Күн тәртібі мәселелері жөнінде келесі шешімдер қабылданды:

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының Шешімдері бекітілсін (тізіммен):

  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

    Күн тәртібі:

    1. Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
    2. 2018 жыл үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
    3. 2018 жыл үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың таза кірісін бөлу тәртібін және «Kaspi Bank» АҚ-тың бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін айқындау туралы;
    4. 2018 жылы акционерлердің «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінуі және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
    5. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы;
    6. Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау.

    «Жақтағандар» – 17 347 716 дауыс

  2. Аудитордың есептері ескерілгенде, 2018 жыл үшін «Kaspi Bank» АҚ-тың шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі бекітілсін.

    «Жақтағандар» – 17 347 716 дауыс

  3. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2018 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза кірісін бөлудің төмендегі тәртібі бекітілсін:

    Банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 1500 (Бір мың бес жүз) теңге мөлшерінде дивиденд төленсін.
    Төлеу кезеңі – 2018 жыл.
    Төлеу басталатын күн: 01 сәуір 2019ж.
    Банктің акциялары бойынша дивиденд Орталық депозитарийден алынған Банк акционерлерінің тізімінде көрсетілген ұстаушылардың банктік шоттарына есепке жазу арқылы төленсін. Банктің Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 24-бабына сәйкес дивиденд төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жарияласын.
    «Жақтағандар» – 17 347 716 дауыс

  4. 2018 жылы акционерлердің «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштерінің болмағаны және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын.

    «Жақтағандар» – 17 347 716 дауыс

  5. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

    «Жақтағандар» – 17 347 716 дауыс

  6. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Койайдарова Гульнара Жаншаевнаның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Директорлар кеңесінің сандық құрамы өзгертілмесін, «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Рахметов Чингис Жолдасбаевич сайлансын, Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесінің өкілеттіктері тұтастай Директорлар кеңесінің өкілеттіктерінің мерзімінің өтуімен бір уақытта өтеді деп айқындалсын.

    Директорлар кеңесінің мүшелеріне ҚР заңнамасына сәйкес барлық салық пен міндетті аударымдар төленгеннен кейін осы Хаттаманың Қосымшасына сай мөлшерлерде ай сайынғы негізде сыйақы белгіленсін. Директорлар кеңесінің мүшелерінің олардың өз міндеттерін орындауына байланысты шығыстары іс жүзінде жұмсалған шығыстарға сәйкес орны толтырылсын және/немесе өтелсін.

    «Жақтағандар» – 17 347 716 дауыс







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер