Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ Оралдағы зілзала – су тасқынынан зардап шеккендерге шамамен 10 млн теңге бөліп отыр

«Kaspi Bank» АҚ Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге шамамен 10 млн теңге қаражат бөлді. Қайырымдылық көмек бірнеше бағытта көрсетіледі.

Банк көбірек зардап шеккен жанұялардағы 7 жастан 14 жасқа дейінгі 200 баланы сауықтыру орталықтарына жіберу шығындарын толық өз мойнына алады. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы жазғы демалыс уақытында балаларды қабылдауға дайын «Талап» орталығы.

«Бұл жағдайда ең бастысы – балалардың өмірі мен денсаулығы, – дейді «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Балалардың қауіпсіз жерде екенін білетін ата-аналар тұрғын үймен, құжаттармен, жұмыспен байланысты тұрмыстық проблемаларды тезірек шеше алатын болады».

Сондай-ақ қажетті көмек «Жас дәурен» балалар үйіне көрсетілмекші. Балалар үйі Оралдың шетінде және іс жүзінде су тасқынының қақ ортасында – Деркүл мен Шаған деген екі өзеннің арасындағы аумақта орналасқан. Оралға көшірілген 114 бала маусымдық киім-кешекпен қамтамасыз етілетін болады.

Уақытша өздерінің жеке үйлерінен тыс жерде тұратын 2 мың адам «қолдан - қолға» жылы қалың төсек орын жапқыштарын алатын болады.

«Біз осы қиын сәтті бастан өткізген отандастарымызға шын жүрегімізбен жанымыз ашиды, – дейді kaspi bank басшысы Михаил Ломтадзе. – Олардың ішінде жолдастарымыз, клиенттеріміз бен әріптестеріміз де бар. Біз шетте қарап қала алмаймыз, жағдайды жақсартып, жаны жабырқаулы адамдарға қолдау көрсету үшін шамамыз келгенше көмегімізді аямаймыз».


«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 362 млрд теңгеге жуық активтерімен және 42 млрд теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 182 филиал мен бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 350 несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity инвестициялық компанияның басқаруындағы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. 
Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникация департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7 (701) 223-87-85

Алматы, Қазақстан:
3 мамыр 2011







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер