«Kaspi Bank» АҚ бағалы қағаздарының жаңа шығарылымдары туралы ақпарат
Осы арқылы «Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – «Банк») Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 ж. 05 желтоқсанда Банктің үшінші облигациялық бағдарламасының шегінде шығарылған 15 (он бес) миллиард теңге мөлшеріндегі облигациялардың бесінші шығарылымын мемлекеттік тіркегені туралы хабарлайды (ҰБН – KZP05Y04E834).
Облигациялардың бесінші шығарылымының талаптарын Банктің Директорлар кеңесі бекіткен (2018 ж. 23 қарашадағы № 2018/11-100.1 хаттамадан үзінді көшірме).