Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Le Jarden» кафесі: Михиал Ломтадзе, кафе, журналистер

3 маусымда «Le Jarden» кафесінде Каспий банкі басшысының журналистермен кездесуі өтті. Михаил Ломтадзе екі сағат бойы журналистерді мазалаған мына сұрақтарға жауап берді: Жылжымайтын мүлік бағасы өседі ме? Дағдарыс қаншаға созылады? Үлескерлер жауапкершілігі қандай болуы керек?

Өздеріңізге Каспий банкі басқарма төрағасының жауаптарын толығымен ұсынамыз.

- Михаил, жылжымайтын мүлік нарығында  әсіресе күзде не болатыны туралы өз ойыңызды айтыңызшы.
- Егер сатып алушылардан гөрі сатушылар көп болса, жылжымайтын мүліктің бағасы өспейді. Алайда уақыт өте келе көбісінің өз тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетінін ескерсек, сұраныс ұсыныстан артып, нәтижесінде баға көтеріле бастайды. Жаңа баға өсімін, мүмкін, келесі жылы-ақ күтуге болатын шығар. Егер биыл көтерілсе, тек шамалы көтеріледі.

- Қазақстандық банктер ипотеканы қалайша қолдайды?
- Банк секторының қоры тек Қазақстанда емес, бүкіл әлем бойынша шектеулі. Ипотекалық несиелеуді дамыту үшін ұзақ мерзімді қор қажет. Қазіргі қаржы институттарына беріліп жатқан ресурстар негізінен қысқа мерзімді. Банкирлерге ақшаны бір немесе екі жылға тартып, сосын 10-15 жылға ипотекаға беру тиімді емес. Банк балансы тұрғысынан алғанда бұл – қауіпті ойын. Сондықтан, менің ойымша, биыл банктер ипотеканы қарқынды  инвестициялай қоймас. Оның үстіне қазір Қазақстандық банктер пайда мен тиімділікті арттыруға көп көңіл бөлетіндерін айтуда. Бұл тұрғыда банктер үшін барлық өнімдерден пайдасы ең азы –  ипотекалық несие екенін барлығы біледі. 

- Қаржылық қадағалау агенттігі дайындаған қаржы нарығының тұрақтылығын көтеру туралы заң жобасын қалай бағалайсыз? Қазір көбісі коммерциялық банктерде мемлекеттің рөлінің артқандығы жайлы айтып жүр және бұл халықаралық инвесторларға жаман әсер етеді дейді…
- Мұндайда сұрақтың мәнісіне қарау керек. Мәселенің мәні қайта капиталдандыру, яғни жекеменшік банктердің біріне қажет болса инвестицияны сол қаржы институтының капиталына салу мақсатында мемлекеттің қаражатты тез беру үшін заңды түрде  техникалық және заңды құралдар жасағысы келетіндігінде. Бұл - реттеушілер бастамасының негізгі пәлсафасы. Ойлап қарасаңыз, банк секторын әрдайым мемлекет реттеп отырды, кез келген жағдайда бақылау болды. Бұрын мемлекет банк секторына ешқандай да әсер етпеді деу бекер, егер мемлекет нақты қаржы институтына немесе жалпы банк секторына ықпал еткісі келсе, мемлекеттік реттеушілердің пайдалануға болатын тәсілдері көп. Қазір бұл амалдың жай сырт көрінісі ғана. Бұл жерде басқа елдердің тәжірибесінен басқа ешқандай жаңалық жоқ. Түркия мен Оңтүстік Кореяны алсақ, оларда бұл шара қолданылып қойған. Ал Қазақстанда бұл тұңғыш рет жасалуда, сондықтан бүкіл сектордың өсуін шектеп, инвесторлар үшін де, клиенттер үшін де қазақстандық банктердің құнын түсіретін асыра сілтеушілік болмайтындай түзету керек және  нюанстарын банк секторымен бірге талқылау керек. Сондықтан қазір банкирлер мен реттеушілер осы нақты нюанстарды талқылап жатыр. Заң жобаның қабылданатынына мен кәміл сенімдімін. Мен банкирлердің қазір ұсынып жатқан түзетулері енгізіледі деп үміттенемін. Жалпы алғанда, мен мемлекет қолында осындай құралдың болғаны дұрыс деп есептеймін.

- Сіз нюанстар туралы айтып өттіңіз, банкирлердің көбінесе немен келіспейтінін атап берсеңіз
- Мысалға, қазақстандық банктердің Қазақстаннан тыс инвестициялау мүмкіндіктерін шектеу мәселесі талқылануда. Егер Қазақстан бүкіл ТМД кеңістігінде мәртебесі үстем болатын банк секторын құрғысы келсе, егер осындай мақсат қойса, онда банктердің елден тысқары өктемдігін шектемеу керек.
Менің ойымша, басымдықтарды айқындап алу қажет. Айталық, қазақстандық банктерге Түркияның мұнай компаниясын сатып алуға болмайды десе, мен мұндай шектеуді түсінемін. Көрші елдегі банкті сатып алып, осылайша ТМД деңгейінде банк секторын кеңейту саясатын неге жүргізбеске? Сонда да Қазақстанның банк секторы 5 жылдан соң ТМД-да үстем болғанын қалар едім.  Мысалы, Австриядағы шет аймақтық банктердің бірі болған Raiffeisen Bank-тің кеңею стратегиясы және оны жүзеге асыруға мүмкіндіктері болмаса, қазір Шығыс Еуропадағы және бұрынғы Кеңес Одағындағы жетекші банктердің бірі болмас еді. Сондықтан да мен мұндай шектеулерді абайлап енгізу қажет  деп есептеймін.

- Қазіргі таңда Каспий Банкі немен шұғылдануда, банктің стратегиясында өзгерістер болды ма?
- Қазіргі сәтте біз ішкі рәсімдерімізді құрып жатырмыз. Қайсібір өнім немесе сегмент бізді бір жыл бұрынғыға қарағанда көп қызықтырады деп айта алмаймын. Біз үшін корпоративтік бизнес қызық екенін айтқанбыз, алайда бөлшекті сегмент пен шағын және орта компаниялар стратегия жағынан маңызды. Біз үшін көп өзгеріс бола қойған жоқ, стратегия – бұрап алатын не сала салатын лампочка емес қой. Мен үшін қазір негізгі басымдық – клиентке қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін Каспийде ішкі жақсартулар жасау.

- Ал қазір сіздің банкте жекелеп несие беру қалай жүріп жатыр?
- Біз бұл нарықтан шыққан жоқпыз, несие беру орындарын қысқартқан емеспіз. Егер де сіз дүкендерді араласаңыз, Каспийдің несие беру орындарының жұмыс істеп жатқанын көресіз. Жалпы біз қазір қалталы клиенттерді тартуға тырысып жатырмыз. Бұл нарықта не болып жатыр? Үлкен көлемде жедел несиелеумен айналысатын бірнеше ірі ойыншының біреуі кенет нарықтан кетсе, сәйкесінше, көптеген клиентті қаржыландыру қысқарады. Нәтижесінде бұл клиенттерге басқа банктерден қайта қаржыландыру қажет. Каспий банкін алсақ, біз  басқа  банктің  клиенттерін аса қайта қаржыландырғымыз келмейді. Сондықтан біз тек клиенттермен жұмысты жалғастырып қоймай, таяуда нарыққа жаңа өнімдер ұсынбақшымыз.

- Қазір Қаржыгерлер қауымдастығы үлестік құрылыс туралы заң жұмысын жақсарту үшін өз ұсыныстарын әзірледі. Үлестік құрылыс және ондағы қазіргі жағдай жайлы пікіріңізді айтсаңыз?
-   Заңнамалық өзгерістер кешенінің негізгі идеясы үлестік құрылысты халықтың болашақ пәтерлерге инвестициясы есебінде қарастыруға болатындығында. Ал халықтың ақшасымен байланысты кез келген инвестиция реттелуі немесе қорғаныс кепілдігінде болуы тиіс. Адамның үлесті сатып алуы мен банкке депозит салғанының қандай айырмашылығы бар? Екеуі де бірдей. Жалғыз ғана айырмашылығы: соңында адам банктен пайыз, ал компаниядан пәтер алады. Сондықтан үлестік құрылыс туралы заңнамаға ұсынылған өзгерістер құрылыс компанияларында ең төменгі капиталдандырудың болуы, олардың қандай да бір талаптарға сәйкес келуі және жүйелі түрде тексерілуі керектігі жайлы. Яғни құрылыс жүргізушілерде жауапкершілік деңгейі артуы тиіс. Мен мұны дұрыс және қызықты бастама деп есептеймін. Бір айта кетерлігі: мұндағы негізгі қиындық - талаптарды енгізу белгілі бір уақытты алады.
Біз үшін, яғни Каспий банкі үшін үлестік құрылысқа қатысу үлкен басымдық емес. Біз жағдайға қараймыз. Қазіргі сәтте үлестік құрылысты несиелік тәуекелдер тұрғысынан бағалау өте қиын. Құрылыс компанияларына өз қаржысын қалай да бағалай алатындай етіп жоспарлауға көп уақыт және ықылас керек.  Бұл – адамдарды оқытудан бастап аудит жүргізуге дейінгі іс-шаралар кешені. Сондықтан идея мен оны іске асыру мерзімі, бір ай болмас..

- Михаил, жазда қайда демаласыз?
- Мен еш жерде демалған емеспін. Бүкіл саналы кәсіби мансабымда мен бір-ақ рет демалыс алдым. Қазір мен филиалдарды аралап, адамдармен кездесемін, қалаларды аралаймын. Соңғы екі айда мен Қазақстанның көп жерін араладым, бұл да мен үшін өте қызықты сапарлар. Соңғы рет мен өткен жылы дайвинг жасадым, Вячеславпен бірге 40 метр тереңдікке сүңгідік (ескертпе: Вячеслав Ким – Каспий Банкінің Директорлар кеңесінің төрағасы). 

- Экономика министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда өндіріс көлемі әсіресе шағын және орта бизнес өкілдерінде күрт төмендеді. Бұл неге байланысты және кәсіпкерлерге не істеу керек?
- Бұның бір ғана себебі бар – банктер активінің өсу қарқыны төмендеді. Несиелеу қарқынының азаюынан шағын және орта бизнесті қосқанда компаниялардың да өсу қарқыны азаяды. Бірақ анау айтқандай жағдай нашар деп ойламаймын, керісінше, бұл- қазақстандық бизнесті сауықтыра түседі. Егер мен кәсіпкер болсам, бұрын менің таңдауыма 5-6 банк беріліп, менен бір ғана нәрсе, яғни бір парақ қағазға «Анаммен ант етейін, мен бұл  ақшаны қайтарамын» деп жазып берсем, қазір мен бизнес-жоспар, есеп жасап, пайданы көрсетуім керек, осыдан кейін барып банкті ақша беруге сендіруім қажет. Бұл бір жағынан жақсы, өйткені бұл уақыт өте келе жауапкершілікті, сондай-ақ жоспарлау және бизнесмендерді бюджеттеу негізін арттыруға көмектеседі. Осы жағдайдағы банктердің рөлі білімді болуы тиіс. Банктер қосымша дәлелдерді талап ете отырып, компанияларды өз қаржысын жоспарлау жағынан неғұрлым нық болуға мәжбүрлейді.
Неліктен басқа нарықтармен салыстырғанда, Қазақстанда жылда аудиттен өтетін ірі компаниялар өте аз? Банк секторының өте көп қорын алып, одан кейін бұл қорды экономикаға, соның ішінде аудитті талап етпей ірі бизнеске  бергендігінен дер едім. Нәтижесінде барлық қазақстандық компаниялар өте серпінді, отбасылық деп айтуға болады, бұл әрине өте жақсы. Бірақ бюрократия да бизнесті құру және тұрақтандырудың жақсы құралы болып табылады. Егер ТМД-ның басқа банк секторымен салыстыратын болсақ, онда Ресей банктеріне ақшаны тарту қиынға соқты, сондықтан компаниялар халықаралық нарыққа шығуға мәжбүр болды. Ал халықаралық нарықтан ақша алу үшін аудитті кемінде 3 жыл қатарынан жасау керек. Тіпті олар қаржылық есептілік рәсімінен өтсе де, сол бөлшекті желілер, орташа компаниялар банктер мен инвесторлар үшін «түсініктіліктің» жоғары деңгейі болып есептеледі.

- «Беринг Шығыс» тікелей инвестициялар қорының серіктесі ретінде сіз «Каспий» банкінен бөлек, басқа да бизнестерді, атап айтқанда, ритейл секторында, сондай-ақ зейнетақы қоры мен брокерлік компанияны сатып аламыз дегенсіз. Жаңалықтар бар ма?
- Біз бірнеше инвестицияға қарап отырмыз. Жақын арада біз Қазақстанда бірнеше активтерді сатып аламыз деген үміттеміз. Бұл туралы сіздерді міндетті түрде хабардар етеміз .  Біз жобаларға тыңғылықты қараймыз, биыл біз Қазақстанға бір үлкен инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Әзірше бұл тек бөлшекті бизнес.

- Ислам банкингі. Бірнеше банктер осы бағытта белсенді жұмыс істей бастады, Таяу Шығыстың ақшасын тек Шариғат заңымен жұмыс істесең алуға болады,  бұл жерде әңгіме миллиардтаған долларлар туралы екенін білесіз. Сіз ислам банкингінің өнімдерін беру мүмкіндігін қарастырмайсыз ба?
- Біз әзірше бұл құралды қарастырған жоқпыз, яғни әлі оңы мен терісін бағалаған жоқпыз. Бірақ қазіргі сәтте әр түрлі құралдарды белсене тартып жатқанымызды ескеріп, егер бұл тиімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру мүмкіндігі болса, онда әрине біз исламдық құралдарды пайдаланамыз деп есептеймін. Бірақ әзірше халықаралық қаржы институттарына көңіл бөліп отырмыз.
Мұнымен қатар, ең бастысы, ислам банкингіне біздің клиенттер қызығуы қажет. Егер осындай адамдардың саны көбейіп жатса, біз оны ұсынамыз.

- Қазақстандағы инфляцияға қатысты не айтасыз? Сіз ресми түрде айына 12 мың  теңге аласыз ғой, бұл қалтаңыздың қалың болуына кері әсерін тигізбей ме?
- Қазір біз тек Қазақстан емес, бүкіл әлем бойынша нашар үрдісті көріп отырмыз. Азық-түлікке бағалар өте жоғары қарқынмен өсуде, менің ойымша әлем экономикасы осының бәрін өз бақылауына ала алады. Әйтпесе бұл компаниялар мен тұтынушыларды күрделі зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазақстанның Үкіметі номиналдық, ресми емес, нағыз инфляцияны өз бақылауына алады деп ойлаймын. Өйткені азық-түлікке бағалар жоғары қарқынмен өсіп келеді, бұл банк секторына әсерін тигізеді. Себебі, адамдар бірінші қажеттіліктегі тауарларға ақшаны көбірек жұмсайтын болады. Ал қазіргі кезде тұрғындар мен компаниялардың берешегі өте үлкен екенін ескерсек, онда несиені өтеуге және бизнесті дамытуға қалатын бос қаражаттың ағыны азая бастайды. Жалпы айтқанда, Ұлттық банк Қазақстанда өте консервативтік саясатты жүргізіп, басқа елдерге қарағанда инфляцияны жақсы бақылап отыр.

- Ұлттық банк бағаның өсуін жылдың басында уәде еткен деңгейде сақтап қала ала ма?
- Ұлттық банктің өте үлкен алтын валюталық қоры бар. Қазір мұнайға баж салынады, сондықтан мұнай долларлары үлкен көлемде түсетін болады. Осы тұрғыдан алғанда нарықта өтімділік бар. Сондықтан Ұлттық банктің валюта бағамын, сондай-ақ инфляция деңгейін ұстап тұрғанға ресурстары бар. Бұл жерде мәселе бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағалардың өсуінде, яғни бағаларды реттеуге тырысу қажет. Мынандай пропорционал тәуелділік - нан, сіріңке және тұз бар екені белгілі. Егер аталған тауарларға баға тез өссе, бұл экономиканың «қызу» белгілері екенін білдіреді. Әрине, Қазақстанда «Гамбургер» тестін жүргізу мүмкін емес, әзірге мұнда  Макдональдс жоқ .
Доллардың, мұнайдың бағасы – 130 доллар. Осындай бағамен ағылған қолма-қол ақшаның мөлшері көп, сондықтан биыл валюталық бағамды, сондай-ақ инфляцияны ұстап қалу қиын емес деп ойлаймын.

- Сіздер бизнесті кеңейтейін деп жатқан жоқсыздар ба, мысалы, Грузияда?
- Алдағы екі жылда ондай ой жоқ. Сосын ол біздің мүмкіндіктеріміз бен нарықтың әлеуетіне байланысты болады. Ал дамуға келсек, онда «Каспий» банкіне орта азиялық аймақ + Ресей (Сібір) қызықты болады деп ойлаймын. Біз діттеген мақсатымызға жету үшін қадамдап басып, Қазақстан арқылы дамитын боламыз. Ал Грузияға келсек,  әзілдеген боларсыз . Ол жоспарда жоқ.

- Михаил, сіздің ойыңызша, жылжымайтын мүлік дағдарысы қашан аяқталады?
- Бірнеше айдан кейін барлығы пәтер сатып ала бастайды. Бағалар төмен кезде, пәтерлерді сатып ала бастайтындар өте көп ақша алады. Бір жыл бұрын, жалдау ақысын жылжымайтын мүлік бағасына бөліп, 6-7% кірістілікті алуға болатын еді. Яғни жалдау ақысы жылжымайтын мүлік бағаларының орнын толтыра алмады. Қазір біз филиалдарды белсене сатып алудамыз, егер біздің төлейтін жалдау ақысы мен жылжымайтын мүлікке бағаларды салыстыратын болсақ, онда біз 15-16% кірістілікті көреміз. Бағасы 40-50%-ға түскен пәтерді қазір сатып алып, мен оны қайтадан тапсыру арқылы тек қайта тапсыру есебінен 15-16% табуыма болады. Мұның 2007 жылдың басында болған жағдайдан елеулі айырмашылығы бар. Яғни бағалар қазір қалыпты, ал жалдау ақысындағы кірістілік – жылына 15-16%,  бұл - жақсы көрсеткіш.  Егер де біреу 2 мың пәтер сатып алып, оны қайта сатса, онда пәтерлердің бағалары тағы да түсуі мүмкін.

- Айтыңызшы, сіз бөлшекті бағытта белсене дамуды бастайтынын мәлімдеген Альянс банкінің бұрынғы басшысы Жомарт Ертаевтың Еуразия банкіне келгеніне қалай қарадыңыз?
- Еуразия банкінде жақсы платформа бар, ол мықты индустриалдық топтың бөлшегі болып табылады. Егер стратегияны акционерлердің және топтың өзінің ресурстарына негіздей отырып, дұрыс қалыптастырса, онда жақсы банк құруға болады. Айтылған стратегиялық принциптер тұрғысынан Еуразиялық банкте біздің жасап жатқандарымызға ұқсайтыны бар. Мұндай мәлімдеулер Сбербанкте де болған еді, бірақ барлығы осымен айналысатын нақты адамдарға, осы стратегияны жүзеге асыратын командаға байланысты. Ең бастысы, берік, мықты тәсіл болуы қажет және оны жүзеге асыру талпынысы зияткерлік, қаржылық және техникалық мүмкіндіктермен сәйкес келуі қажет. Мен олардың барлығын жүзеге асыра алатынына сенемін, өйткені әрдайым жақсы бәсекелесіңнің болғаны жақсы ғой. Бұл сенің бұрынғыдан да жақсы болуыңа мүмкіндік береді.

- Батыс банктері көбеюде, бәсекелестіктен қорықпайсыз ба? 
- Мен шетелдік компаниялар қазақстандық банк секторын қаржыландырғысы келеді деп ойлаймын, бірақ осы сәтте инвестицияларды бағалау тұрғысынан сәйкестік жоқ. Менің ойымша, уақыт өте келе, шетелдік ойыншылардың саны артайды. Егер ірі халықаралық банк казақстандық банкті қаржыландырса, халықаралық команда банкті қалай ауыстыру керектігін және өнімдерді дамыту керектігін түсінгенше бірнеше жыл өтеді. Тұтынушылар үшін бұл, әрине, жақсы, өйткені қызмет көрсету сапасы жақсара түседі. Жергілікті ойыншылар үшін шетелдіктердің келуі кәсібилігін арттыру және бәсекелестікке жақсы деп ойлаймын. Жергілікті банктер батыс банктерімен жақсы бәсекелесуде. Мысал ретінде Шығыс Еуропа мен Ресейді алуға болады: жергілікті банктердің өсу қарқыны батыс банктеріне қарағанда төменірек. Батыс банктеріндегі тәсіл басқаша. Олардың стратегиясы 10-15 жылға арналған, сондықтан оларға ешқайда асығудың қажеті жоқ.

- Банк секторы әрқашан ең жоғарғы ақы төленетін сектор болып есептелген, ал банк қызметкерлерінің табысы қалай болып жатыр?
- Әзірше мен жалақының бірден азаюын көріп отырған жоқпын. Өсу қарқыны жағдайға байланысты қысқартылады. Банк секторында жұмыс іздеушілердің саны артуда. Қазір өз жұмысын, тұрақты жұмыс берушіні бағалау мүмкіндігі бар. Бұрын тұрақты жұмыс берушіні бағалаудың қажеті жоқ болатын, біліктілігіне қарай емес, бір банктен екінші банкке бару арқылы өз жалақысын өсіруге болатын еді. Қазір бір банктен екінші банкке бару қиынға соғады. Алдымен өз біліктілігіңді көрсетуің қажет. Мен үшін жалақы – шығындар бөлігі емес. Мен бұған әрқашан біздің қызметкерлерге инвестиция ретінде қараймын. «Каспий» банкінде жалақы  нарық бойынша есептегенде жоғары. Біз әлі де жалақыны бізге маңызды нақты бағыттарда көбейту жағын қайта қарап жатырмыз. Біз банкке жаңа кіргенде жалақымыз орташадан жоғары еді, қазір біздің жалақымыз ең жоғары жалақылардың бірі болып есептеледі, оның үстіне біз қызметкерлерді қысқартуға бола жұмыстан босатып жатқан жоқпыз.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер