Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Каспийский» Банкі АҚ  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қаржылық қолдау көрсетуде  

Каспий банкі Жеңіс күнінің құрметіне банк клиенттері болып табылатын 1 600-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 2 млн. теңге бөліп отыр.

- Мен соғысты басынан кешірген және соғыстан кейінгі жылдары елдің соғыс зардаптарынан арылуына атсалысқандардың барлығына құрметпен қараймын, – дейді Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе. - Біздің банк майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін жыл сайын құттықтайды – бұл ізгі дәстүрге айналған. Биылғы жылы біз Қазақстан бойынша Каспий банкінің 1,6 мыңнан астам ардагер-клиенттеріне материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдадық.

Каспий банкінде төрт мың қызметкер жұмыс істейді. Олардың көбінің отбасының өз «соғыс тарихы» бар. Фронт-офисінің жетекші маманы Руфина Исакованың (Семей қ. филиал) атасы аты аңызға айналған Панфилов дивизиясында жаумен шайқасып, Даңқ орденімен марапатталған. Бұл – тек бір ғана мысал, сондықтан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін құттықтау әрдайым Каспий қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. 

Ломтадзе мырзаның айтуынша, қызметкерлер Каспий банкінің клиенті болып табылатын әрбір ардагерге дәстүрлі қалампыр шоқтарымен бірге 5 мың теңге сыйлық табыс етеді.

Каспий банкі барлық ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!

«Банк «Каспийский» АҚ:
«Банк «Каспийский» АҚ 269 млрд. теңгеден асатын активтерімен және 41млрд. теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну несиесі бойынша алдыңғы орындарда. 2007жылдың қорытындысы бойынша банктің несиелік портфелі 188 млрд. теңгені құрады. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пункттен құралады. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау жетекші қоры– «Банк «Каспийский» АҚ-ның инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс:
Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн. артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспий» Банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорацисы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар сынды танымал халықаралық қаржы институттары  бар. Бэринг Восток ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар Baring Private Equity International тікелей инвестициялау қорларын басқару тобының құрамына кіреді. www.bvcp.ru


Қосымша ақпарат алу үшін мына  мамандарға хабарласу керек:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі1376)
Эл. пошта:   zhumanova@bc.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
 
Салтанат Әскербекқызы
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының жетекші маманы
Тел: 8 (7272) 50-19-13 (ішкі -1928)
Эл.пошта: askerbekkyzy@bc.kz
Ұялы: +7-701-758-50-42

Алматы, Қазақстан:
9 мамыр 2008 ж.

 







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер