Екібастұзда жаңа бөлімше ашылды
Екібастұзда kaspi bank – тің жаңа үлгідегі бөлімшесі ашылды. Жаңа үлгінің ерекшелігі – демалыссыз, тіпті мереке күндері де жұмыс істейді.
Екібастұз тұрғындарының kaspi қызметтеріне сұранысының көптігіне байланысты, банк өз клиенттерінің тілегін қабыл алды. Енді Екібастұз тұрғындары мен қонақтары Әуезов көшесі, 30 мекен-жайында орналасқан бөлімшеде аптаның 7 күні толыққанды қызметтерге қол жеткізе алады.
Бөлімше жұмыс күндері 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сенбі, жексенбі күндері 10.00-18.00 аралығында.
Жаңа бөлімшеге қош келдіңіздер!