Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы
АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қоғамның атауы: «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы

Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А»

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37-бабының 1-тармағын және 41-бабына сәйкес жиналысты шақыру бастамашысы ретінде 2023 жылғы 20 наурызда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) өтетінін хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін жерде жергілікті уақытпен сағат 09:30-да басталып, жергілікті уақытпен сағат 10:00-де аяқталады.

Өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжат болу керек.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға қоғамның дауыс беретін өзіне тиесілі акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Акционерлік қоғамдар туралызаңның 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі керек.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы 2023 жылғы 24 наурызда жергілікті уақытпен сағат 10-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында қайта өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2023 жылғы 20 ақпан.
    Күн тәртібі:

  1. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамы акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2022 жыл үшін аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
  3. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2022 жыл үшін таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін айқындау туралы;
  4. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы;
  5. «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексіне енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы;
  6. «Kaspi Bank» АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды айқындау туралы;
  7. «Kaspi Bank» АҚ пен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне келтірген акционерлердің арыздары және 2022 жылы оларды қарастыру қорытындылары туралы мәселені қарастыру туралы.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сай күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдар акционерлердің танысуы үшін 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында жиналыс өткізілетін күнге дейін кем дегенде он күн бұрын қолжетімді болады. Жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпаратпен «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік басқару департаментінде, 8 (727) 356 34 23 телефоны арқылы танысуға болады.
Жалпы жиналыс Акционерлік қоғамдар туралы заңның 48-бабына сәйкес тәртіппен өткізіледі.
Жиналыста сырттай дауыс беру қолданылмайды.     






КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер