«Kaspi Bank» АҚ-тың облигациялық бағдарламалары шығарылымының проспектілеріне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы
«Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар кеңесінің құрамының өзгеруіне байланысты Банктің облигациялық бағдарламалары шығарылымының проспектілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 ж. 15 шілдеде Банктің облигациялық бағдарламалары шығарылымының проспектілерінің төмендегі өзгерістері мен толықтыруларын мемлекеттік тіркеді:
- «Kaspi Bank» АҚ-тың облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспектісіне №9 өзгерістер мен толықтырулар;
- «Kaspi Bank» АҚ-тың екінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспектісіне №6 өзгерістер мен толықтырулар;
- «Kaspi Bank» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспектісіне №1 өзгерістер мен толықтырулар.