Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Даму» қорының қаражатын алған клиенттердің бастан кешкен оқиғалары

«Даму» қорының қаражатын алған клиенттердің бастан кешкен оқиғалары

«Даму» қорымен бірлесіп жұмыс жасаған кезеңде kaspi bank қазақстандық кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді несие түрінде 17 млрд. теңге ақша берді. Бұл ақшаны өзіне әрі өз ісіне жұмыс жасайтын адамдар алды. kaspi bank-інде орташа қарыз әр клиентке шаққанда 45 млн. теңгені құрайды (бұл көрсеткіш басқа банктерде – 55 млн. теңге), бұл қызмет көрсетіліп жатқан клиенттердің санының көп екенін білдіреді. Тағы бір ерекшелігі – «ДАМУ» қоры ұсынған экономиканың барлық 6 секторына несие берілді. Төменнен kaspi bank-інен алынған мемлекеттің ақшасын қайда жібергенін айтуға келіскен нақты клиенттердің әңгімесімен танысыңыздар. kaspi bank – филиал желісі кең банк болғандықтан, назарларыңызға аймақтағы кәсіпкерлердің әңгімелерін ұсынамыз.

Қостанай

Ақша бизнесті кеңейтуге мүмкіндік берді
Шаштараздардың курсын бітіргеннен кейін Оксана Плотникова үш жыл «Сәлем» салонында жұмыс істейді. Кәсіби тәжірибе жинақтаған ол өзіне жұмыс істеуге шешім қабылдап, өзінің шағын ғана ісін ашпақшы болады. 2003 жылы Оксана өзінің Қостанай облысы Заречный ауылында орналасқан пәтерінің бір бөлігін шаштараз етіп қайта жоспарлайды. 2008 жылдың наурыз айында ол шаштараз салонына іргелес жатқан пәтерді сатып алып, оны қайта жоспарлау үшін, салонның алаңын кеңейту үшін «Даму» қорының бағдарламасы бойынша (1-транш) «Kaspi Bank» АҚ-дан несие алады.

Қазіргі таңда сатып алынған пәтер толығымен жөнделді, енді жұмыс істеп тұрған шаштаразға есік салу ғана қалды. Қазір рұқсат алуға дайындалған құжаттар (санитарлық-індет қызметіне, өрт қызметіне және т.б.) қол қоюға берілді.

«Даму» қорының бағдарламасының арқасында kaspi bank-інің клиенті тек бизнесін сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар өз ісін де кеңейтті.

«Даму» қорының қаражатын алған Оксана Плотниковамен банктің баспасөз қызметі арқылы байланысуға болады.
 
Жабдық сатып алуға - 12 миллион теңге
Қостанайлық «ВВС-7» компаниясы арнайы жабдықтарды, атап айтқанда, тасымалданатын және стационарлық радиостанцияны, радиожабдықтарды, радиолокациялық бейнежазу жабдықтарын, өлшеуіш аспаптарды, байланыс жабдықтарын сатып алумен және сатумен айналысады. Компания тек жеткізіп қана қоймай, күзет бейнебақылау жүйесіне, күзет сигнал жабдығына және радиожабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ресми түрде «ВВС-7» компаниясы 2007 жылғы наурыз айында тіркелген болатын, ал іс жүзінде қызметін 2008 жылғы қаңтар айында бастады. 2008 жылғы желтоқсан айында кәсіпкерлер үшін «Даму» қорының 2-траншы бағдарламасы бойынша айналымдағы қаражатты толықтыруға 12 млн. теңге мөлшерінде жаңартылатын несие желісі ашылған болатын. Бұл желі 2009 жылғы қаңтар айында игеріле басталды және 2009 жылғы қаңтар айының аяғында толығымен игеріліп бітті. Алынған қаражат тауар берушілер алдындағы қарыздарын біршама азайтуға мүмкіндік берді.

Компаниямен банктің баспасөз қызметі арқылы байланысуға болады.
 
Атырау

Балықты экспорттаушы
«Каспий балық» өндірістік кооперативі – Қазақстандағы балықтың аумен аулауға болатын тұқымын ұстап, өңдейтін ең ірі кәсіпорын. Каспий теңізінің жағалауындағы және Еділ өзенінің сағасындағы акваторийлерден жалпы алаңы 1500 ш. км. болатын кәсіпшілік телімдерді 10 жылғы жалға алып, компания жылына шамамен 5 000 тонна балық аулайды. Балықтың 98% өз күшімен өңдеп, оны Ресей мен Украинаға экспортқа шығарады.

Дайын балық өнімінің ассортименті: мұздатылған, салқындатылған балық, балықтың аумен ауланатын түрлерінің уылдырығы, балыққа арналған жемдік ұн.

2008 жылғы қараша айында компания kaspi bank-інен «Даму» қорының екінші траншынан 125 000 000 теңге мөлшерінде қайта қаржыландырылды.

Компаниямен банктің баспасөз қызметі арқылы байланысуға болады.

Құлсары

Телефон арқылы ыстық пицца
2007 жылғы сәуір айында kaspi bank-інің клиенті А.У. Нұғманова көппәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан шаштаразға арналған үй-жайды өзінің жинаған ақша қаражатына сатып алды. Оны пиццерия етіп қайта жоспарлады. Клиентпен бірге екі көмекші жалданып жұмыс істейді. Пиццаның қандай да бір түріне (мәзірде пиццаның 20 астам түрі бар) тапсырыс мекенжайын айтқанда телефон арқылы қабылданады. Пиццерия орналасқан аудан тұрғындарына пицца тегін жеткізіледі, ал басқа аудандарға қашықтығына қарай 100 теңгеден 400 теңгеге дейін жеткізіледі. kaspi bank оған «Даму» қорының қаражатынан (қордың 1- траншынан) пиццерияны жөндеу үшін, атап айтқанда, косметикалық жөндеу жұмыстарына, электр өткізгіш сымдарды, сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге 1 200 000 теңге мөлшерінде несие берді.

Компаниямен банктің баспасөз қызметі арқылы байланысуға болады.  

«Лаура» үшін несие
Қанат Тәжіхановтың бизнеспен айналысқанына 7 жылдың жүзі болды. Ол шаштараз қызметін көрсетуге мамандандырылған. Тәжіханов мырзаның 2001 жылы өзінің жинаған қаражатына сатып алған жеке шаштаразы бар. «Лаура» шаштаразы 5-қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы шаштаразға қайта жоспарланған бір бөлмелі пәтерінде орналасқан. Оған 1 шебер жалданып жұмыс істейді, ал клиенттің өзі болса ерлердің шашын қияды. 1 200 000 теңге мөлшеріндегі несиені «Даму» қорының 1-траншынан жабдық сатып алу үшін және үй-жайды жөндеу үшін алған болатын.

Компаниямен банктің баспасөз қызметі арқылы байланысуға болады.

Семей

Көтерме және бөлшек сауда
Семейлік кәсіпкер Берік Нұрғалиев тұрмыстық техниканың (кіржуғыш машиналарды, электр плиткаларын, тоңазытқыштарды және т.б.) көтерме және бөлшек саудасымен айналысады. Сауда орны «Аққу-2» дүкенінде орналасқан, мекенжайы: Әуезов даңғ., 100. Ол көтерме саудамен және бөлшек саудамен айналысады: тауарды Чарск, Курчатов қалаларының, Георгиевка, Көкпекті ауылдарының кәсіпкерлеріне, сондай-ақ тұрмыстық техниканың бөлшек саудасымен айналысатын Семей қаласының кәсіпкерлеріне сатуға береді.

Берік Нұрғалиев – 2007 жылдан бері kaspi bank-інің клиенті. 3 370 000 теңге мөлшеріндегі несиені «Даму» қорының 1-тарншынан алды. Алған ақшасын клиент айналымдағы қаражатты толықтыруға және тауардың түрін көбейтуге арнады.

Компаниямен банктің баспасөз қызметі арқылы байланысуға болады. 







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер