Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank ДАМУ 3 қаражатын мерзімінен бұрын 100% игерді

Шағын және орта бизнестің 221 кәсіпорны kaspi bank-інен ДАМУ 3 мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы бойынша қаражат алды. kaspi bank-інің «Даму» қорынан алған 6 миллиард теңге болатын үшінші траншты Қазақстан кәсіпкерлеріне беруге 100% мақұлдады. Бүкіл қаражаттың жартысынан көбі әрекеттегі бизнесті дамытуға әрі кеңейтуге жаңа несиелер беруге бағытталды. ДАМУ 3 бағдарламасының аясында Қазақстанның барлық салалары мен аймақтары қамтылды.

Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еншісінде.

– Алдын ала жоспарлағанымыздай, ретке келтірілген инфрақұрылымның арқасында біз өтінімдерді іріктеуге қаншалықты қатал қарасақ та, алынған қаражатты мерзімінен бұрын игердік, – деп мәлімдеді kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – kaspi bank тиімді бизнесті, яғни иелеріне тұрақты түрде табыс әкелетін бизнесті несиелейді.

Екі жыл бойы kaspi bank «Даму» қорымен белсенді түрде жұмыс жасап келеді. Осы уақыт ішінде банк шағын және орта бизнеске тек қана қор бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді несие түрінде 23 миллиардтан астам теңге берді. Кәсіпкерлер бұл ақшаны Қазақстанның барлық аймақтарында өз ісін дамытуға алды.

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
15 мамыр 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер