Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank «Қаржы туралы» атты білім беру бағдарламасына 1 миллион доллар бөледі

kaspi bank еліміздегі қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі ең ауқымды бағдарлама болып табылатын «Қаржы туралы» атты білім беру бағдарламасына 1 миллион доллар бөледі. Бағдарламаның алғашқы кезеңі «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қорымен бірге жүзеге асырылады.

- 2013 жылғы 20 қарашада kaspibank-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан кейінхалықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ауқымы кең, сапалы шараларды өткізуге дайындықты бастадық, - дейді жоба жетекшісі, «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» ҚҚ-ның тең құрылтайшысы Салтанат Жарасова. – Жобаның іске асырыла бастағанын қуана хабарлаймын, ол респонденттердің репрезентативті санын – республиканың барлық аймақтарынан 1000 аса адамды қамтитын болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ақпан айының өзінде-ақ қазақстандықтардың жеке қаржысына қатысты білімдері мен дағдыларының, олардың қаржы өнімдері мен қызметтері туралы білім деңгейінің ағымдағы көрінісін көре аламыз.

Салтанат Жарасованың айтуынша, қор зерттеулермен қатар Қоғамдық кеңес құру жұмыстарын бастайды, оған белгілі қоғамдық тұлғалар – құқық қорғаушылар, сарапшылар, журналистер және т.б. кіреді.

Қоғамдық кеңес жобаларды іріктейді және олардың азаматтарға қаржы өнімдері мен қызметтерін пайдаланған кезде білімдері мен дағдыларын арттыруға қаншалықты тиімді көмектесетінін бағалайды. Қоғамдық кеңес іріктеп алған жобалар грант түрінде қаржыландыруға ие болады.

- Өз тарапымыздан «Қаржы туралы» атты бағдарламаны іске асыруға 1 миллион доллар бөлеміз, - деп мәлімдейді kaspi bank-тің басшысы Михаил Ломтадзе. – Бағдарламаның мақсаты – адамдарға отбасылық бюджетті жақсы басқаруға және қаржылық қызметтерді дұрыс пайдалануға көмектесу. Күштің білімде жатқанын баршамыз білеміз. «Қаржы туралы» атты бағдарлама қаржылық сауаттылықты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ басқа банктер де мұндай бағдарламаларды қолдайды деп үміттенеміз. Білімге құйылған инвестиция ешқашан көптік етпейді әрі бұл кез келген мемлекеттің өркендеуінің және ілгері дамуының ең басты қозғалтқышы.

«Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қоры нарықтағы басқа қатысушыларды да Қазақстанның қаржы жүйесін дамытуға өз үлесін қосу үшін аталған бағдарламаға қосылуға шақырады.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер