Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ-ның акционерлері үшін 2012 жылғы 04 мамырда өткізілген Банк акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама

«Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің назарына

2012 жылғы 04 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімдер мен дауысқа салу қорытындысын хабарлаймыз.

17347662 дауыс беруші акцияларды (Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 97,07%-ын) иеленетін акционердің өкілі қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

I. «Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:
1. «Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2011 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. 2011 жылғы таза табысты бөлу тәртібін (резервтік капиталды қалыптастыру және басқа аударымдар) және 2012 жылға арналған табыстарды бөлу нормативтерін бекіту.
4. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2011 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша бір жай акцияға және/немесе бір артықшылықты акцияға есептегенде дивиденд мөлшерлерін, төлеу тәртібін мен мерзімдерін бекіту.
5. 2012 жылы «Kaspi Bank» АҚ-та аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
6. «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
7. Қоғам акционерлеріне Банктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу.
8. Есеп комиссиясының мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату. Есеп комиссиясының жаңа құрамын сайлау, оның өкілеттіктерінің мерзімін анықтау.
9. Директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен төлеу шарттарын анықтау.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

II. «Kaspi Bank» АҚ-тың аудиторының Есептері ескеріліп, «Kaspi Bank» АҚ-тың 2011 жылғы қаржылық есептілігі, соның ішінде:
- «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның еншілес компаниялары – «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы «Алматы Халықаралық сақтандыру тобы» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың және Caspian Capital B.V.-дың 2011 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы шоғырландырылған есеп;
- «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның еншілес компаниялары – «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы «Алматы Халықаралық сақтандыру тобы» сақтандыру компаниясы» АҚ-тың және Caspian Capital B.V.-дың 2011 жылғы шоғырландырылған бухгалтерлік балансы бекітілсін.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

III. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2011 жылғы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (резервтік капиталдың қалыптасуы және өзге де аударымдар):

 Көрсеткіш

 мың тг

 Банктің 2011 жылғы таза пайдасы

 10 529 227

 Резервтік капиталға аударымдар

 2 481 739

 Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу

 акциялардың нақты саны бойынша бір артықшылықты акция үшін 21 теңге есебінен

 Жай акциялар бойынша дивиденд төлеу

 акциялардың нақты саны бойынша бір жай акция үшін 7,75 теңге есебінен

 Банктің қорларына аударымдар

 Таза табыстың қалған бөлігі



2012 жылға таза табысты бөлудің мына нормативтері бекітілсін:

 Көрсеткіш

 Норматив

 Банктің таза табысы  факті бойынша
 Резервтік капиталға аударымдар  Резервтік капиталдың ең аз мөлшері:
алдыңғы есептік кезеңде қалыптасқан нақты резервтік капиталдың;
алдыңғы жыл үшін жіктелуі тиіс активтер мен шартты міндеттемелер өсімінің алдыңғы жылдың басындағы жағдай бойынша жіктелуі тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің шамасына қатынасы мен жай акциялар бойынша дивиденд төлегенге дейін банктің бөлінбеген таза кірісінің көбейтіндісіне тең жай акциялар бойынша дивиденд төлегенге дейін банктің бөлінбеген таза кірісінің бір бөлігінің (бірақ кемінде 0,1 және көп дегенде 1)
сомасынан кем емес сомада болуы тиіс.
 Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу  бір артықшылықты акция үшін 21 теңге есебінен
 Жай акциялар бойынша дивиденд төлеу  2012 жылғы қызмет қорытындысы бойынша
 Банктің қорларына аударымдар  Таза табыстың қалған бөлігі

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

IV. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23 және 24-баптарын сәйкес:
• 2011 жылдың қорытындысымен «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивиденд бір жай акцияға 7,75 теңге (Жеті теңге жетпіс бес тиын) мөлшерінде төленсін.
• 2011 жылдың қорытындысымен «Kaspi Bank» АҚ-тың артықшылықты акциялары бойынша дивиденд бір артықшылықты акцияға 21 (Жиырма бір) теңге мөлшерінде төленсін.
2011 жылдың қорытындысымен «Kaspi Bank» АҚ-тыі жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеуді бастайтын күн болып 2012 жылғы 10 мамыр белгіленсін.

«Kaspi Bank» АҚ-тың жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд мына тәсілдермен:
а) жеке және заңды тұлға акционерлерге – «Kaspi Bank» АҚ-тың тиісті шоттарына (алынбаған дивидендтер бойынша кредиторлар) және акционерлердің ағымдағы шоттарына дивидендтерді аудару арқылы;
в) жеке және заңды тұлға акционерлерге тиісті өтініштері болған кезде – өтініштерде көрсетілген банктік деректемелер бойынша дивидендтерді аудару арқылы төленсін.

«Kaspi Bank» АҚ Басқармасы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23 және 24-баптарына және «Kaspi Bank» АҚ Жарғысының 31-тармағына сәйкес жай акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы ақпаратты артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлейтін мерзім басталар алдындағы бес жұмыс күні ішінде «Kaspi Bank» АҚ Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

V. 2012 жылы «Kaspi Bank» АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып «Делойт» ЖШС анықталсын. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесіне 2012 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізгені үшін «Делойт» ЖШС-ға төленетін сыйақы мөлшерін анықтау тапсырылсын. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Делойт» ЖШС-мен 2012 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізуге арналған шартқа қол қою тапсырылсын.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

VI. «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Kaspi Bank» АҚ-тың Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға, оларды уәкілетті органда келісуге және оларды заңда белгіленген тәртіппен қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тіркеуге уәкілеттік берілсін.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

VII. Қоғам акционерлеріне Банктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі туралы ережеге өзгерістер бекітілсін.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

VIII. Есеп комиссиясының мүшелерінің өкілеттіктері тоқтатылсын. Есеп комиссиясы саны 3 адам, тиісті акционерлердің жалпы жиналысында қайта сайлағанға дейін екі жылдық мерзімге мына құрамда сайлансын: Есеп комиссиясының төрайымы – Березняк Алла Михайловна; мүшелері: Монанникова Елена Владимировна; Ермекбаева Майя Өтегенқызы.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.

IX. Ірі акционер – «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың Директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен төлеу шарттары туралы ұсынысы бекітілсін. Директорлар кеңесі мүшелерінің олардың өз міндеттемелерін орындауымен байланысты шығыстары іс жүзінде жүргізілген шығыстарына сәйкес өтелсін.

«Жақтаушылар» – 17 347 662 дауыс.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер