Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Денис Тен: менің өз олимпиадам, kaspi-дің өз олимпиадасы болды

2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен қызметкерлермен кездесу үшін және салымын толықтырып, өзінің теңгедегі депозитіне сыйлыққа +1% алу үшін kaspi-ге келді.

Сол күні ол твиттерге былай деп жазды: «Барлығы kaspibank-ке неге барғанымды сұрайды? Депозитке ақша салдым! Аталған банкке қашан да сенім артуға болады әрі клиенттер үшін ыңғайлы, мен бұл банкке сенемін».

Белгілі клиентімізге бірнеше сұрақ қойдық.

- Денис, сіз үшін чемпион болу нені білдіреді?
- Спортта чемпион болуға болады, сол сияқты өз ісіңнің де чемпионы атануға болады. Жігерлі және алға қойған мақсатына жете білетін адам – нағыз чемпион адам.

- Жетістікке жетуге не көмектеседі?
- Бірнеше факторлардың жиынтығы. Бұлардың арасынан біреуін ғана бөліп айту немесе бір ғана адамның қолдауын ерекше бөліп-жару қиын. Мен 20 жасқа енді келдім, ал мәнерлеп сырғанаумен айналысып жүргеніме 15 жыл болды. Спорт саласында көп жылдық тәжірибием бар, қиындықтармен қалай күресуге болатынын да білемін. Әрине, кімге болса да қолдау керек. Бұл – жетістікке жетудің негізгі факторларының бірі. Халықтың қолдауы, команданың қолдауы, өзіңді-өзің ішкі қолдау маңызды рөл атқарады. Арманы бар, мақсатына жету жолында аянбай еңбек ететін, басқалардың алыпқашпа сөздеріне құлақ аспайтын, өзіне сеніммен қарайтын адам қашан да жетістікке жете алады деп ойлаймын.

- Сізге басқа команданың атынан шығуға ұсыныс жасалыпты. Мұндай ұсыныстарға қалай қарайсыз?

- Мен өз елімнің нағыз патриотымын. Мен осы топырақта тудым, өстім, бойыма қазақы менталитетті сіңірдім. Менің санамда достық туралы, адамдардың қандай болу керектігі туралы ұғымдар Қазақстанда көрген-білгеніммен байланысты. Мен әлемдік турнирлерде өз елімді әрқашан жарнамалап, мадақтап жүремін. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанды білетіндердің саны өте аз болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан белгілі елдердің қатарына қосылды. Мен еркін мәнерліп сырғанау бағдарламасында қазақша әнге сырғанадым, бұл бағдарламамды 3,5 миллиардтан астам халық көріпті! Бүкіл әлемнің біздің елмен танысуға мүмкіндігі болды!
Әрине, түрлі ұсыныстардың болғаны рас. Бірақ мен оларды маңызды ұсыныстар ретінде қарастырмаймын. Алдағы уақытта болатын жарыстарда қай елдің атынан шығатынымды сұрап жатады, мұны мен қорлау, адамның намысына тию деп санаймын. Бұл – сүйкімсіз қылық. Мен нағыз қазақстандықпын. Қазір Денис Тен мен Қазақстан – мен үшін ажырамас ұғым. Менің атымды атағанда да бірден біздің елмен байланысты ассоциация қалыптасады.

- Бүгін kaspi-ге салған салымыңызды келешекте неге жұмсағыңыз келеді?
- Біз үнемі бір нәрсеге арнап ақша жинаймыз. Біреулер лайықты білім алуға жинайды. Мен спортпен айналысамын, мұны да үлкен салым, үлес деп айтуға болады. Ақшаға келсек, еліміздегі әр адамның банкте депозиті болғанын маңызды деп есептеймін. Мүмкіндігінше, kaspi bank-те, себебі, менің ойымша, ең адал банк. Менің өз Олимпиадам болды, ал өткен аптада kaspi өз олимпиадасын өткізді. Теріс ниетті арандатушылардың шабуылына төтеп бере алған банк, расымен де, барлық мақтауға лайық. Клиент ретінде айтатыным, орын алған жағдайдан кейін банкке деген сенімім артты. Kaspi, жарайсың! Депозитті нақты неге жұмсайтынымды дәл қазір айту қиын болып тұр. Уақыт көрсетеді. Алайда бірнеше жылдан кейін де kaspi bank-тeгі салымым жақсы сақталатынына сенімім мол.

- Өмірдегі ең үлкен жетістігіңіз не?
- Мұның барлығы менің емес, ата-анамның жетістігі, мені спортқа бейімдеген, маған сенім артқан ата-анама алғыс айту керек. Мен бар күш-жігерімді мәнерліп сырғанауға саламын. Қазіргі таңда атқарылған еңбектің бекерге кетпегенін түсіндім. Бірінші кезекте, ата-анама рақмет, өйткені ол кісілердің маған деген сенімінсіз бүгінгідей деңгейге жетпес едім. Ешнәрсеге қол жеткізбейтін де едім!







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер