Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

«Kaspi Bank» АҚ акционерлері үшін 2013 жылғы 24 мамырда өткен Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама

«Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің назарына

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 24 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауысқа салу қорытындысын хабарлайды.
17347662 дауыс беруші акцияларды иеленетін акционердің (Банктің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 97,07%) өкілі қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

I. Өзгерістердің енгізілуін ескеріп, «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

  1. «Kaspi Bank» АҚ-тың акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
  3. 2012 жылғы таза табысты бөлу тәртібін (резервтік капиталды қалыптастыру және басқа аударымдар) бекіту.
  4. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша бір артықшылықты акцияға есептегенде дивидендтердің мөлшерлерін, төлеу тәртібін мен мерзімдерін бекіту.
  5. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша бір жай акцияға есептегенде дивидендтердің мөлшерлерін, төлеу тәртібін мен мерзімдерін бекіту.
  6. Банктің бір жай акциясына 145 (Жүз қырық бес) теңге есебінен және бір артықшылықты акциясына 145 (Жүз қырық бес) теңге есебінен «Kaspi Bank» АҚ-тың жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуге 2011 жылға таза табысты бөлуді бекіту.
  7. 2013 жылы «Kaspi Bank» АҚ-та аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
  8. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  9. «Kaspi Bank» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер енгізу.
  10. Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері және оларды қарау қорытындысы туралы мәселені қарау.
  11. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесіне өз міндеттемелерін орындағаны үшін төленетін сыйақы мен шығыстар өтемақысының мөлшері мен оны төлеу шарттарын анықтау.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

II. «Kaspi Bank» АҚ-тың аудиторының Есептері ескеріліп, «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы қаржылық есептілігі, соның ішінде:

  • «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның еншілес компаниялары «Kaspi Сақтандыру» АҚ-тың және Caspian Capital B.V.-дың 2012 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы шоғырландырылған есеп.
  • «Kaspi Bank» АҚ-тың және оның еншілес компаниялары «Kaspi Сақтандыру» АҚ-тың және Caspian Capital B.V.-дың 2012 жылғы шоғырландырылған бухгалтерлік балансы.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

III. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (резервтік капиталдың қалыптасуы және өзге де аударымдар):

Көрсеткіш мың тг
Банктің 2012 жылғы таза пайдасы 17 380 163
Резервтік капиталға аударымдар 5 433 039
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу акциялардың нақты саны бойынша бір артықшылықты акция үшін 605 теңге есебінен
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу акциялардың нақты саны бойынша бір жай акция үшін 605 теңге есебінен
Банктің қорларына аударымдар Таза табыстың қалған бөлігі

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

IV. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 24-бабына сәйкес:

  • 2012 жылдың қорытындысымен «Kaspi Bank» АҚ-тың артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер бір артықшылықты акцияға 605 теңге мөлшерінде төленсін.

2012 жылғы «Kaspi Bank» АҚ-тың артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу басталатын күн болып 2013 жылғы 28 мамыр белгіленсін.

«Kaspi Bank» АҚ-тың артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер мына тәсілдермен:
а) жеке және заңды тұлға акционерлерге – «Kaspi Bank» АҚ-тың тиісті шоттарына (алынбаған дивидендтер бойынша кредиторлар) және акционерлердің ағымдағы шоттарына дивидендтерді аудару арқылы;
б) жеке және заңды тұлға акционерлерге тиісті өтініштері болған кезде – өтініштерде көрсетілген банктік деректемелер бойынша дивидендтерді аудару арқылы төленсін.

«Kaspi Bank» АҚ Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы ақпаратты артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетін мерзім басталар алдындағы бес жұмыс күні ішінде «Kaspi Bank» АҚ Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

V. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 24-бабына сәйкес:

  • 2012 жылдың қорытындысымен «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер бір жай акцияға 605 теңге мөлшерінде төленсін.
  • 2012 жылғы «Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу басталатын күн болып 2013 жылғы 28 мамыр белгіленсін.

«Kaspi Bank» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер мына тәсілдермен:
а) жеке және заңды тұлға акционерлерге – «Kaspi Bank» АҚ-тың тиісті шоттарына (алынбаған дивидендтер бойынша кредиторлар) және акционерлердің ағымдағы шоттарына дивидендтерді аудару арқылы;
б) жеке және заңды тұлға акционерлерге тиісті өтініштері болған кезде – өтініштерде көрсетілген банктік деректемелер бойынша дивидендтерді аудару арқылы төленсін.

«Kaspi Bank» АҚ Басқармасы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабына және «Kaspi Bank» АҚ Жарғысының 31-тармағына сәйкес жай акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Kaspi Bank» АҚ Жарғысында айқындалған бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

VI. Қоғамның бір жай акциясына 145 (Жүз қырық бес) теңге есебінен және бір артықшылықты акциясына 145 (Жүз қырық бес) теңге есебінен Қоғамның жай және артықшылық акциялары бойынша дивидендтер төлеуге 2011 жылғы қорытынды бойынша қоғамның табысы бөлінсін. Дивидендтер 2012 жылғы қорытынды бойынша жай акциялар, сол сияқты артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу тәртібімен бір уақытта төленсін.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

VII. 2013 жылы «Kaspi Bank» АҚ-қа аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып «Делойт» ЖШС анықталсын. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесіне 2013 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізгені үшін «Делойт» ЖШС-ға төленетін сыйақы мөлшерін анықтау тапсырылсын. «Kaspi Bank» АҚ Басқарма Төрағасына «Делойт» ЖШС-мен 2013 жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізуге арналған шартқа қол қою тапсырылсын.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

VIII. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

IX. «Kaspi Bank» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер бекітілсін.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

X. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты білдірген өтініштері жөніндегі ақпарат назарға алынсын».

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.

XI. Ірі акционер – «Caspian Financial Group» (Каспиан Файнаншэл Груп) АҚ-тың Директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен төлеу шарттары туралы ұсынысы бекітілсін. Директорлар кеңесі мүшелерінің олардың өз міндеттемелерін орындауымен байланысты шығыстары іс жүзінде жүргізілген шығыстарына сәйкес өтелсін.

«Жақтаушылар» - 17347662 дауыс.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер