Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Хабарлама

«Kaspi Bank» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (Басқарманың орналасқан жері: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А») 2013 жылғы 24 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесінің бастамасымен «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін орын – Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А». Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылғы 24 сәуірдегі 00 сағ. 00 мин. жағдай бойынша жасалады.

Күн тәртібінде:
  1. «Kaspi Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  2. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
  3. 2012 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту (резервтік капитал мен басқа да аударымдарды қалыптастыру).
  4. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша бір артықшылықты акцияға есептегенде дивиденд мөлшерін, оны төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту.
  5. «Kaspi Bank» АҚ-тың 2012 жылғы бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін, оны төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту.
  6. 2013 жылы «Kaspi Bank» АҚ-да қаржылық есептілікке аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
  7. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  8. «Kaspi Bank» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер енгізу.
  9. Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне арналған өтініштерін және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау.
  10. «Kaspi Bank» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттемелерін орындағаны үшін төленетін сыйақы мен шығыстар өтемақысының мөлшерін және оларды төлеу шарттарын анықтау.

Акционерлер танысу үшін күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдарды 2013 жылғы 14 мамырдан бастап мына мекенжайдан алуына болады: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» («Kaspi Bank» АҚ-тың ДКА-ның меншікті капитал бөлімі). Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейтін уақыт – 2013 жылғы 24 мамырда 9 сағат 30 минуттан бастап. Кворум болмай қалған жағдайда, акционерлердің қайта өткізілетін жылдық жалпы жиналысы 2013 жылғы 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де мына мекенжайда қайта өткізіледі: 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға әрі онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған адам қоғамның өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иелігінен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі тиіс.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер