Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Итоги года 2012

2012 жылы kaspi bank-тің өнімдері мен қызметін 2,4 млн астам қазақстандық пайдаланды

2012 жылдың ішінде kaspi bank-тің өнімдері мен қызметін 2,4 млн астам қазақстандық пайдаланды. kaspi bank-тің өнімдерін алу үшін әр секунд сайын 3 клиент өтініш жазады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша kaspi bank сатылым желісін кеңейту бойынша көшбасшы атанды. Банктің бөлшек сауда желісіне 900-ден астам сатылым филиалдары, бөлімшелер мен сату орындары кіреді. Клиенттердің санын ескеретін болсақ, 2012 жылы банктің бөлімшелеріне әр 5 секунд сайын 1 клиент кірген!

  • Депозиттер 43%-ға өсіп, 321 млрд. теңгені құрады
  • Несие портфелі 351 млрд. теңгеге жетіп, 59%-ға өсті
  • Капитал 36%-ға өсіп, 68 млрд. теңгені құрады
  • Таза пайда 2011 жылғы 8.5 млрд. теңгемен салыстырғанда 19 млрд. теңгені құрады
  • *деректер ХҚЕС бойынша аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілікке негізделген, 2012 жыл

    - 2012 жылдағы жетістіктер – бұл біздің соңғы 4 жылда жоспарлы түрде іске асырылып жатқан стратегиямыздан күткен нәтижеміз, - деп түсіндірді kaspi bank-тің басшысы Михаил Ломтадзе. – 2012 жылы біз жаңа сату орындарын ашуды жалғастырып, клиенттерімізге қарапайым жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсындық. Біз бөлімшелері кешке дейін және демалыссыз жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз банкпіз. Бұл салымшыларға ұнайды – несиелеудің артуымен бірге біздің депозиттік базамыз да пропорционалды түрде ұлғайды.

    kaspi bank-тің несие қызметі толығымен ішкі қорлардың (депозиттердің) есебінен қаржыландырылады. Банк клиенттерге ең жағымды талаптары бар және қолайлы қызмет көрсетілетін 1 депозит ұсынады.

    - Біз депозиттік базаның ұлғайғанын мақтан тұтамыз, - деп түсіндірді банктің Директорлар кеңесінің басшысы Вячеслав Ким. – Клиенттер банктің, акционерлердің тұрақтылығын, сенімділігін және қызмет көрсетуді жақсарту бойынша басқарушы команданың жұмсаған күшін көріп жүр. Банктің капиталының деңгейі жоғары және қаржылық көрсеткіштері керемет.

    2012 жылы банк «Тегін төлем» қызметімен бірге kaspi.kz интернет бөлімшесін іске қосып, клиенттерге «kaspi бонус» атты адалдық бағдарламасын ұсынды.

    - kaspi бонус – бұл дүкендерде арзанырақ сауда жасау мүмкіндігі және бұл үшін банктің клиенті болу немесе біздің өнімімізді пайдалану міндетті емес, - дейді Михаил Ломтадзе. – Біз бағдарламаны 1 ғана дүкендер желісінен бастадық және 200-ден астам адам оның артықшылығын бағалап та қойды. Осы жылы біз қатысушы – серіктестер желісін кеңейте бастаймыз. kaspi.kz интернет бөлімшесінің ашылуына қатысты айтарым, осы айда біздің клиенттер оның ашылғанынан бастап не бәрі 6 айдан соң миллионыншы төлемді жасады. Бұл Қазақстандағы басқа интернет-жобалармен салыстырғанда керемет нәтиже. Жақын арада біз барлық қазақстандықтар үшін интернет бөлімшедегі «Тегін төлемдерге» қолжетімділік береміз. Қазақсандағы әрбір тілек білдіруші коммуналдық қызмет ақысын тегін төлеп, ұялы телефонды да тегін толықтыра алады.

    2013 жылы банк бөлшек сауда нарығының мүмкіндігін іске асыруды жалғастырып, қазақстандықтарға қызықты жаңа өнімдер мен қызметтерді, сондай-ақ сатылым мен қызмет көрсетудің жаңа арналарын ұсынады.

    - Біз клиенттеріміздің тілегін алдын ала білуге тырысамыз және әр 12 айға біз жүзеге асыра алатын 3 жаңа идеямыз болады, олардың нәтижесінде біз нарықты өзгертеміз, - дейді Михаил Ломтадзе. – Мысалы, қазір біз автонесиені бастадық. Бұл – 24 сағаттың ішінде «бөліп төлеу» шарттары бойынша салоннан жаңа автомобиль сатып алу мүмкіндігі. Біздің мақсатымыз қарапайым – клиенттерімізге неғұрлым жылдам әрі оңай жаңа авто сатып алу мүмкіндігін беру.

    Жаңа несие өнімдері мен қызметтерін ашудан басқа, осы жылы банк өзінің артықшылығына клиенттерге қызмет көрсету сапасын жатқызады.

    - Қазақстанда шын мәнісінде сапалы сервис ұсынатын компаниялар аз, - деп мәлімдейді Михаил Ломтадзе. – Біз клиенттеріміздің сөзіне құлақ асып, қызмет көрсету сапасын жақсартатын боламыз. Алдағы 2 жылда біз клиенттермен қарым-қатынасты басқару жөніндегі Қазақстандағы ең үздік компания болғымыз келеді.


    Қосымша ақпарат үшін мына маманға хабарласыңыз:
    Ботагөз Жұманова
    Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры
    Тел.: 8 (7272) 501- 913 (ішкі 1376)
    Эл. поштасы: ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
    Ұялы телефоны: +7-701-223-87-85

    Алматы, Қазақстан:
    20 наурыз 2013 ж.

    20 наурыз 2013 ж.




    

    КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
    ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
    KASPI АЛЛО


    Алматы үшін
    8 (727) 258-59-65

    кез келген ұялы оператордан
    9999

    телефон соғу ТЕГІН


    БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




    Айыппұлды тексеру
     
         
    © 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
    Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
    Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
    Деректемелер