Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank «100 жаңа бөлімше» жобасының аясында сан жағынан 100-інші бөлімшені ашты

«Kaspi Bank» АҚ Қазақстанның жекелеген ірі банктерінің бірі, ол бүкіл еліміздің көлемінде 100 жаңа бөлімшені ашу туралы жобаны іске асыруды бастады, сөйтіп өткен аптада сан жағынан 100-інші жаңа пішімдегі бөлімшені ашты. kaspi bank орта есеппен әр 3 күн сайын бір бөлімше ашып отырады.

Осылайша, kaspi bank-тің филиал желісі бүгінгі таңда Қазақстан нарығындағы ең ірісі болып табылады, оның 200 астам филиалы мен бөлімшелері бар. Егер сол сияқты ең ірі сауда желілерінде орналасқан 350 сатылым орнын есепке алар болсақ, kaspi bank-тің сатылым желісі еліміздегі ең ауқымдысы.

- Банк желісінің едәуір кеңеюі және 100 жаңа бөлімшенің іске қосылуы бұл банктің ең маңызды стратегиялық жобаларының бірі, - дейді kaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Желі клиенттік базаның өсуімен бірге өсіп келеді. kaspi bank жаңа бөлімшелерді ашу қарқыны мен клиент санының өсуі жағынан №1. Ай сайын бүкіл еліміз бойынша 1.3 миллионнан астам клиент бөлімшелерімізге келеді.

- Біздің мақсатымыз ең үздік жекелеген банк болу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін маңызды фактор біздің қызметтеріміздің кеңдігі мен қол жетімділігі болып табылады, - деп жалғастырады Ломтадзе мырза. – Біз клиенттерімізге қызметтерімізді пайдалану оңай әрі ыңғайлы болу үшін желіміздің кеңеюіне инвестиция құйып, «адымдық жерден» бөлімшелерімізді ашудамыз. Біздің барлық жаңа бөлімшелеріміз бен бұрынғы бөлімшелеріміздің біразы клиенттерімізге барынша ыңғайлы болу үшін демалыссыз жұмыс істейді.

kaspi bank-тің жаңа бөлімшелері жаяу жүргіншілердің тікелей қол жетімді жерлерінде орналасқан және бөлімшелерімізде қажетті қызметті тез алу үшін бәрі – бірнеше сатылым менеджерлері, касса, банкомат пен өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған терминалдар бар. Біздің бөлімшелеріміздің менеджерлері сіздерге банктің барлық бөлшек өнімдерін – несие карталарын, қолма-қол несиелерді, депозиттерді және айырбастау операцияларын ұсынады.

Жаңа пішімде қызмет көрсететін бөлімшелердегі ең тартымдысы - стандартты қолдау. kaspi bank –тің барлық жаңа бөлімшелері бір үлгіде жасалған және клиенттерімізге бөлшек өнімдердің стандартты өнімдік желісін ұсынады.

- Біздің бөлімшелеріміздегі – жиһаз, оны орналастыру, материалының түсінен бастап  брендіміздің ішкі көрінісіне дейін сатандартты, -дейді Михаил Ломтадзе. – Сізге қай қалада қызмет көрсетіліп жатқаны маңызды емес. Орналасқан орнына қарамастан, біздің барлығы  бірдей бөлімшелерімізді көресіз. Осы үшін банкіміздің қызметкерлеріне ризалығымды білдіремін, олар мұны бәрінен күшті істейтіндерін іспен дәлелдеді. Бізбен бірге жіберген қателіктерінен үйреніп, бізге тез әрі сапалы бөлімшелерді ашуға көмектесіп жүрген мердігерлерге де жеке рахметімді айтамын. Сондай-ақ ең бастысы үлкен алғысымды бізге әрқашанда дамуға және үнемі жақсаруға ат салысатын клиенттерімізге алғысымды білдіремін.

kaspi bank үнемі өз өнімдерінің талаптарын жақсартады және де жаңа шарттарды ендіреді. kaspi bank осы айда  2 жаңалық ұсынады.

Біріншіден, kaspi bank-тің бөлшек өнімдері супер икемді болды – несие алған клиент бірден Қазақстанда ұқсастығы жоқ қаржылық икемділкті алады. Біздің клиентіміз өзінің ай сайынғы төлемдерін, мерзімдерін, сондай-ақ қарыз бойынша жалпы артық төлемдерін өзі басқара алады.

Екіншіден, kaspi bank алғаш рет банктің барлық клиенттеріне ұялы телефонындағы өзінің теңгерімін автоматты түрде және тегін толтыруға болатын «Авто төлем ақы» қызметін іске қосқалы отыр. Бұл қызмет бірінші кезеңде ең ірі операторлардың бірімен қолжетімді болады. Алдағы уақытта бұл қызметті барлық негізгі ұялы оператор нөмірлерінің иелері пайдалануы мүмкін.

- Біз жаңа несие өнімін немесе жаңа қызметті іске қосақан кезде, ең алдымен бұл қарапайым адамға қызық, оған неғұрлым тиімді әрі ыңғайлы болуына мақсат қоямыз, - дейді банк басшысы – Біздің слоган: «Сіз үшін тағы не істей аламыз?». Осы 2 жаңалығымызды іске қосуымыздың өзі біздің клиенттерімізге соншалықты бағытталғанымыздың дәлелі. Несие бөлігінде банк клиентке төлем мөлшерін таңдауға және басқаруға, сол сияқты мерзімге және артық төлемге оңтайлы  мүмкіндіктерді береді. Осының бәрін несие алғаннан кейін кез келген сәтте өз мүмкіндігіңе қарай басқаруға болады. Бұл несие алып көрмегендер үшін – мұны kaspi ban-пен бірге жасап көруге үлкен мүмкіндік.

- Біз сондай-ақ бар құлшынысымызбен ұялы байланыстың төлем қызметін оңай әрі тиімді төлейтін міндетті қолымызға алдық – деп жалғастырадыЛомтадзе мырза. – Енді біздің клиенттеріміз ұялы телефонмен сөйлесу ақысын төлеген кезде комиссия төлеудің немесе терминал іздеудің қажеті жоқ. Осы қызметтің арқасында біздің клиенттеріміз айтарлықтай ақшасы мен уақытын үнемдеп қана қоймай, сол сияқты шотта ақша бітіп, қоңырау шалу керек болған жағдайларды болдырмайды. Біз теңгерімдеріңізді толтырамыз, әрі мұны су тегін жасаймыз. Нәтижесінде kaspi bank пен ұялы байланыс операторлары әрқашан байланыста болып, туыстарымен, жақындарымен арзан әрі ұзақ сөйлесу мүмкіндігіне ие болады.

Уақыт өте келе kaspi bank-тің клиенттері неғұрылым қызық әрі тиімді ұсыныстарды алатын болады.

 

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ 362  млрд теңгеге жуық  активтерімен және 42 млрд теңге шамасындағы біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсету сегментінде көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 200  филиал мен бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 350 несиені сату орындарынан тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity инвестициялық  компанияның басқаруындағы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III)  инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-тың инвесторы. www.kaspibank.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде Каспи Банк, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
Корпоративтік коммуникация департаментінің директоры
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz  
Ұялы: +7-701-223-87-85







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер