Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Автомобильдерді сақтандыру қолжетімді болды

Тамыз айынан бастап Каспий банкінің әр филиалында автокөлік иесінің міндетті азаматтық құқықтық жауапкершілігін (МАҚЖ) сақтандыру шартын ресімдеу мүмкіндігі пайда болды.

Бүгінгі таңда Тұтынушыларды несиелендірудің несие менеджерлері сақтандыру компаниясының агенттері болып табылады. Болашақта біздің банктің барлық КЕБ-де сақтандыру полистерін ресімдеу орындарын ашу жоспарланып отыр.

Сақтандыру полисін клиенттер, банк қызметкерлері, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер ала алады. Сақтандыру құны негізгі белгілерге: автокөліктің шыққан жылына, оның тіркелген жеріне, автокөлікті жүргізуге рұқсат берілген тұлғалардың жасы мен тәжірибесіне, сондай-ақ Бірыңғай сақтандыру дерекқорындағы жүргізушілердің сақтандыру жағдайларының тарихы туралы ақпаратқа сәйкес белгіленеді.

Сақтандыру полисін ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • Жүргізуші куәлігі (құқығы)
  • СТН
  • Жеке куәлік
  • Автокөлікті тіркеу туралы куәлік (техпаспорт)
  • Сенімхат (егер бар болса)
  • Неке туралы куәлік (егер жүргізуші үйленген/тұрмысқа шыққан болса)

Құжаттардың осы тізімін сенімхат пен техпаспортқа сәйкес жүргізуге рұқсат берілген барлық жүргізушілер беруі тиіс.

Автокөлік иесін МАҚЖ сақтандыруға қатысты негізгі ережелер     

Көлік құралдарының меншік иелерінің азаматық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген сақтандырылған тұлғаның көлік құралын жоғарғы қауіп-қатер көзі ретінде пайдалануының нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу міндетімен байланысты сақтандырылған тұлғаның сақтандыру төлемдерін төлеуін көздейтін сақтандыру дегенді білдіреді.

  • Көлік құралдарын иеленушілердің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлік құралын пайдалануға болмайды.
  • Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтанушының ең шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (АЕАК):
  • Бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген залал үшін – келтірілген залал мөлшерінде, алайда көп дегенде 600;
  • Мынадай жағдайларға әкеліп соқтырған әр жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген залал үшін:
    1. Қаза болу – 1000;
    2. Мүгедектікті белгілеу:
      1. І топтағы мүгедек – 800,
      2. ІІ топтағы мүгедек – 600,
      3. ІІІ топтағы мүгедек – 500.
      4. «мүгедек-бала» - 500;
    3. Мүгедектікті белгілемей, жарымжан болу, жарақат алу немесе денсаулығының басқа да зақымдануы – амбулаторлық және (немесе) стационарлық емдеуге кеткен нақты шығындар мөлшерінде, алайда көп дегенде 300. Бұл кезде стационарлық емнің әр күні үшін сақтандыру төлемінің мөлшері кем дегенде 2 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс;
  • Сақтандыру төлемін сақтандырушы құжаттарды алғаннан кейінгі жеті жұмыс күні ішінде төлейді.

     

    Ақпарат алу үшін банктің call center орталығының 2500001 (Алматы) 88000801800 (аймақтар үшін) телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға немесе www.aiig.kz сайтына кіруіңізге болады. 





  • 

    КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
    ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
    KASPI АЛЛО


    Алматы үшін
    8 (727) 258-59-65

    кез келген ұялы оператордан
    9999

    телефон соғу ТЕГІН


    БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




    Айыппұлды тексеру
     
         
    © 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
    Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
    Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
    Деректемелер