Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank ШОБ несиелерін берудің ішкі рәсімдерін жеңілдетті

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға kaspi bank-іне берілген алты миллиард теңгенің екі миллиард теңгесі берілу үшін мақұлданды. 1,4 миллиард теңгесі ресімделіп қойды. Жалпы сомасы 5,5 миллиард теңгеге тағы да 150 өтінім берілу үшін қаралуда әрі оны мерзімінде игеру жоспарланып отыр. Беру қарқынының артуы «ДАМУ» қорының бекіткен ережелерін, сондай-ақ банктің ішкі рәсімдерін жеңілдетумен байланысты болып отыр.

kaspi bank-інде ШОБ-ты қайта қаржыландыру бағдарламасының ерекше белгісі - несие қаражатының басым бөлігін жаңа қарыз алушылар игеруде. kaspi bank-інде орташа қарыз клиентке шаққанда 45 млн теңгені құрайды, басқа банктерде ол орташа 55 млн. теңге, бұл қызмет көрсетілетін клиенттердің санының көп екенін, олармен жұмыс жасау үшін көп уақыт қажет екенін білдіреді. Сондай-ақ айрықша ерекшеліктерінің бірі – «ДАМУ» қоры ұсынған экономиканың барлық алты секторын несиелеу.

«Біз несие портфелінің сапасына үлкен мән береміз, өйткені халықтың берілген ақшасы үшін жауапкершілік банктің мойнында», - деп атап көрсетті kaspi bank-інің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біз бұл қорды пайда табу мақсатында тартып отырғанымыз жоқ, ең алдымен нақты қарыз алушылардың тәуекелін азайту мақсатында. Ағымдағы ахуалдың қауіптері ШОБ нарығына өте қатты әсер етеді, ірі компанияларға қарағанда оларда «қауіпсіздік жастығы» шағынырақ. Мемлекет қаражатының арқасында сапалы қарыз алушыларды төмен мөлшерлемемен қаржыландырып, олардың тәуекелін азайтуға мүмкіндік алдық. Бізге ең маңызды – сапалы несие тарихы. Сондықтан да біз клиенттің ақшаны уақтылы төлемеу қаупін азайтуымыз қажет».
 
«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиелерін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпкерліктеріне қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан құралған. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры «Kaspi Bank» АҚ инвесторы болып табылады. www.kaspibank.kz 
 
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank-і, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді. 

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:

Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. почта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан
2009 жылғы 21 сәуірде







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер