Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Алматы, Қазақстан: 22 тамыз, 2007 ж.

 «Банк «Каспийский» АҚ Райффайзенмен болған келіссөздер туралы хабарға түсініктеме берді 

2007 жылғы 21 тамызда Boerse Express он-лайн журналына сілтеме жасаумен  Bloomberg агенттігінің басып шығарған ақпаратына жауапта «Банк «Каспийский» АҚ акция сатуға байланысты Райффайзен Интернэшнлмен (Raiffeisen International Bank) келіссөз жүргізілгендігі туралы хабардың жалғандығын әшкереледі.

«Каспийский» Банкі және оның акционерлері акцияны сату туралы келіссөз жүргізген емес, – деп мәлімдеді «Банк «Каспийский» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Бізде ұзақ мерзімді даму стратегиясы қалыптасқан. Капиталдың жоғарғы деңгейі, ресурстарға қол жетімділік пен сапалы өсім біздің Банктің дамуы үшін бірден-бір мүмкіндік тудырады. Каспийский қазақстандық банктер ішінде оның жоғарғы тұрақтылығы мен сенімділігін танытатын капитал сәйкестігінің ең жоғарғы деңгейінің біріне ие болып отыр.

 «Каспийский акционерлері даму стратегиясын толығымен растайды, – деп қосты «Банк «Каспийский» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. – Бізде осы жылдың басында акционерлердің мақұлдаған ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыратын талантты команда бар. Сонымен қатар жетекші Бэринг Восток Кэпитал Партнерс инвестициялық қоры біздің серіктестеріміз болып табылады. Соңғы бірнеше айлар ішінде біз банк капиталына 10 миллионнан астам теңгені инвестицияладық».

«Қазіргі уақытта банк нарығында «Каспийский» Банкі үшін қолайлы жағдай жасалды, – деп мәлімдеді Бэринг Восток Кэпитал Партнерс басқарушы серіктесі Майкл Калви. – Біздің басты міндетіміз – осы мүмкіндікті пайдаланып, әсіресе жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнесті несиелеу сегментінде нарық үлесін арттыру. Біз осы стратегияны жүзеге асыру үшін Каспийскийге өз ресурстарымызды инвестициялауды жалғастыруды жоспарлаймыз».

Анықтама:
«Банк «Каспийский» АҚ
216 млрд теңгеден асатын активтерімен және шамамен 36 млрд теңге шоғырландырылған капиталымен Қазақстанның он жетекші банктерінің қатарына кіреді. Банк тұтыну  несиесі бойынша алдыңғы орындарда. Банктің бөлшекті желісі жедел несиені сататын 2000-нан аса сауда кәсіпорнына қызмет көрсететін 147 бөлімше мен 548 пунктен құралады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен Қазақстан халқына берілетін несиелер Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құрайды. Тікелей инвестициялаудың жетекші қоры Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) – «Банк «Каспийский» АҚ-ның  инвесторы www.bc.kz.

Бэринг Восток Кэпитал Партнерс ТМД-дағы инвестицияға маманданған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияға $600 млн артық қаржы салды, олардың қатарында қаржылық қызмет көрсету, мұнай және газ саласы, телекоммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну секторы, «Каспийский» банкі, Еуроплан, Қаржылық технологиялар орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкар ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты бірнеше табысты компаниялар бар. Қордың инвесторлары арасында танымал халықаралық қаржы институттары: Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, сондай-ақ әлемдегі ірі зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. Бэринг Восток Baring Private Equity International құрамына, ТМД, Азия,Үндістан, Еуропа және Латын Америкасындағы $3,5 млрд активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқару тобына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласыңыз:
Лариса Пак
«Банк «Каспийский» АҚ Корпоративтік коммуникациялар орталығының директоры
Тел: 250-18-00 ішкі1099
Эл. пошта:  Larissa.Pak@bc.kz
Ұялы: +7 701 222 9339







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер