Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Дағдарыс екі сөзден тұрады: «қауіп-қатер» және «мүмкіндік»

«Жай ғана банк жүйесінің активтері мен пассивтерін біріктіріп, әліптің артын бағу керек. Нәтижесінде – бұл банк секторының шешілуге тиіс мәселелері. Ол үшін басқа елдердің бай тәжірибесін пайдалану керек». БТА ұйымдастырған IX Алматы банкаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе осындай синтез айтты.

Біз баяндаманың толық мәтінін беріп отырмыз, одан Сіз депозит нарығындағы бәсекелестікке шыдаған қазақстандық банктердің ғана дами алатыны жайында білетін боласыз. «Жүлделік қоры» - қазақстандықтардың жыл сайын банк депозитіне салатын 2-3 млрд доллар жинағы.

Каспий банкінің басшысы Михаил Ломтадзе

Ағымдағы жағдай жайында

Әлемде не болып жатқаны жайында айтар болсақ, қаржы инфрақұрылымы толығымен түбегейлі қайта қаралып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Жүздеген жылдар бойы дәстүрге айналып кеткендер қазір дұрыс жұмыс істемегені анықталып жатыр. Инвестициялық банктер өз бизнес-үлгісі мен тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Сонымен қатар бөлшекті коммерциялық банктер инвестициялық лицензия, ал олар өз кезегінде банк лицензиясын ала бастады. Бүкіл әлем бойынша инвесторлар аса зор шығынға ұшырады. Бұл көпшілікке танымал және мойындалған жайт. Өзіңді әлемдік конъюнктурадан толығымен бөліп тастау мүмкін емес. Өйткені қазақстандық банктер сыртқы қарыздарға тәуелді. Соның ішінде бұл Қазақстандық көптеген нарықтарға да қатысты. Кең таралған мақал бар, оған сүйенсек, дағдарыс екі сөзден тұрады: «қауіп-қатер» және «мүмкіндік». Алдымен осы қауіп-қатерді бағалап, сосын ғана өз мүмкіндіктеріңді іске асыруың керек. Әрқашан да осыған ұқсас жағдайлар біреулер үшін «мүмкіндіктер» көзі болып, ал басқалар үшін «проблема» болып табылады. Банк секторына әсер ететін негізгі фактор – шамамен $40 млрд құрайтын банктердің сыртқы қарызы. Бір жыл бұрын барлық банктер $12-14 млрд сомасын төлеуі тиіс деп бағалаған. Қазір біз болашаққа көз тігіп, неге екені белгісіз, бірдей санды көреміз – келесі 12 айда банктер тағы да $12-14 млрд төлеуі тиіс! Іс жүзінде бұл қомақты сома. Экономика жайында жалпы айтатын болсақ, егер оның коммерциялық банктерден көп дегенде $ 20 млрд алашағы болса, бұл нәтижесіз болмауы мүмкін емес, өйткені бұл ақшаны жеке тұлғалар, ШОБ және ірі компаниялар алды.

Мұнымен не істеу қажет, қандай шаралар қолдану керек және қандай нәтижеге қол жеткізу керек

Бүгінгі таңда еліміздің басынан кешіріп отырған жағдайы әлемде әрбір 6-10 жыл сайын болып тұрады. Жақында мен ірі банктерде жұмыс істеген бай тәжірибелі досыммен сөйлескенімде, ол: «20 жылдық жұмыс тәжірибемде біз әрбір 6 жыл сайын дағдарысқа ұшырап отырдық, алайда одан жақсы өтіп жүрдік», - деген болатын. Мұндай адамдардың басымдығы: олар не істеу керектігін біледі, мұндай проблемаларды шешіп те көрген. Қалай десек те, Қазақстан экономикасы жас қой, сондықтан басқа елдердің іс-тәжірибесінен үйренуіміз керек: Азия елдерінің, атап айтқанда, дағдарыстан өткен Түркияның, тәжірибесіне қарауымыз қажет.
Негізгі үрдістер: банктердің активтері азаяды, себебі іс жүзінде олардың көбісінде өз өсімін қаржыландыруға қаражаты болмайды, қаражат болған жағдайда да, азғантай ғана. Несие портфельдері төмендейді, себебі қаражат сыртқы қарызды төлеуге жұмсалады. Нәтижесінде, математикалық тұрғыдан, несие портфелінің сапасы төмендейді. Былайша айтқанда, үлгілі қарыз алушылар төлейді, ал нашарлары, керісінше, төлемейді. Ақырында үлгілі қарыз алушылардың да несие портфелінің сапасы біршама азаяды. Нәтижесінде несие портфелінің сапасы барлығында да төмендейді.

Депозиттік мөлшерлемені көтеру

Жыл сайын қазақстандық банктер жылына шамамен $ 2-3 млрд депозит тартуға мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Бұл қарапайым ғана талдау. Халықтың жұмыс істейтін 7 млн бөлігінің жалақысын есептеп көрейік, олар өздерінің табысының 15% депозитке салады деп пайымдасақ, осындай соманы аламыз. Халықтан бөлшекті депозиттер алу үшін банктердің арасында қатаң бәсекелестік туады, сыйақы мөлшерлемесі көтеріле түседі. Бұдан, әрине, салымшылар пайда табады, өйткені, бір жағынан, қызмет көрсету сапасы да жақсара түсетін болады. 

Мемлекеттің рөлі

Мемлекеттің рөлі осыған дейін бүкіл әлемде қолданылған стандарт іс-әрекеттердің жиынтығымен айқындалады. Сұрақ: «Мұны қандай басымдықтармен, қандай кезектілікпен және қай көлемде жасауымыз керек?» Мен бірінші кезекте шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ипотека мен құрылыс саласын дамыту үшін әзірленетін мақсатты бағдарламалар жайында айтып отырмын.
1. Мерзімі өткен қарыздарды сатып алу үшін стресс-қорларды құру идеясына қатысты – бұл мынадай нақты ереже бойынша жұмыс істеуге тиіс стандарт механизм: қандай несиелерді сатып алу керек, қандай бағамен және оларды қалай басқару керек. Әрине, сатып алынатын жаман несиелердің көлемі де өте маңызды.
2. Менің ойымша, шетелдің инвесторлар үшін заңды базаны өзгерту мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Компанияны тезірек капиталдандыру үшін инвесторлар қажет. Әдетте, жеке инвесторлар немесе мемлекеттік институттар ғана емес, сонымен қатар бір нәрсе ұсынуға дайын халықаралық инвесторлар. Білесіздер ме, қазіргі таңда біздің «Қазына» қоры сияқты түрлі елдердің мемлекеттік қорлары АҚШ-та ең белсенділердің бірі. Бұл мемлекеттік қорлар Қазақстанды инвестициялай алмайды, себебі заңды түйісу жоқтың қасы. Олардан арнайы рейтингі бар-жоғы талап етіледі, ал мемлекеттік қорларда ол жоқ, олар рейтингіленбейді. Алайда мұндай қорлардың басқаруында ондаған миллиард доллар болуы мүмкін. Сондықтан да егер біз осындай қорларды тартқымыз келсе, олар банк капиталына тезірек кіруі үшін және оны капиталдандыру үшін бізге заңнаманы өзгерту керек.
3. Қазіргі сәтте банк секторының шоғырлануы – міндетті түрде пайдалануға болатын керемет мүмкіндік. Шектеулі өсім жағдайында банктердің бірігуі күштірек банк институтын құру үшін синергия мен оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл үшін кейбір банктерге дем беріп, ынталандыру қажет.
4. Депозиттер – бүкіл банк секторының тұрақтылығы үшін негізгі инфрақұрылым. Мемлекет бұл кезде халықтың ірі сомадағы депозиттеріне кепілдік бере отырып, белсенді рөл атқара алады. Сонымен, қазақстандықтардың сенімі тек қана артады.

ТҮЙІН:
Жай ғана банк жүйесінің активтері мен пассивтерін біріктіріп, әліптің артын бағу керек. Нәтижесінде – мәселелер шешілуге тиіс. Ол үшін басқа елдердің бай тәжірибесін қолдану қажет. Ең бастысы – не істеу керектігін және қалай істеу керектігін түсіну қажет.







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер