Ынтымақтастық туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы хабарлама
«Kaspi Bank» АҚ Сізге Ынтымақтастық туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) төмендегі өзгерістердің енгізілетінін хабарлайды:
1) Шарттың 5.16-тармағы төмендегі редакцияда жазылады:
«5.16. Шарттың тараптары, олардың арасында даулар, қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дауды сотқа дейінгі немесе соттан тыс тәртіппен реттеу бойынша шаралар (соның ішінде, бірақ шектелмей: шағымдану жұмысын жүргізу, талаптар мен хабарламалар жолдау, факсимильдік байланыспен және заңда тыйым салынбаған басқа да байланыс құралдарын пайдаланып, хаттармен, электрондық хабарлармен, SMS-хабарлармен алмасу) қолданады».
2) Шарттың 5.17-тармағы төмендегі редакцияда жазылады:
«5.17. Дауды сотқа дейінгі немесе соттан тыс тәртіппен реттеу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесінде тараптар келісімге келмеген кезде, дау Банктің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешуге беріледі».
Шартқа өзгерістер 2020 жылғы «12» тамыздан бастап күшіне енеді.
Сұрақтарыңыз болса, Сіз оларды business@kaspi.kz мекенжайы бойынша немесе 2323 телефон нөмірі арқылы қоя аласыз.
Сіздің «Kaspi Bank» АҚ
06.08.2020