Таланттарды қолдау керек
Kaspi bank жас пианистердің халықаралық “Astana Piano Passion” конкурсының бас демеушісі болды.
Екінші рет өткізіліп тұрған конкурсқа әртүрлі елдердің: Қазақстан, Ресей, Украина, Жапония, Италия мен Румыния, Қытайдың талантты жас өрендері қатысуда. Бірнеше кезеңнен тұратын байқаудың міндетті шарты – классикалық музыкамен бірге қазақ композиторларының шығармаларын орындау керек. Ал, жеңімпаздар Астананың ең үлкен концерт алаңдарында астаналық филармонияның симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетпек.
Конкурс қайырымдылық мақсатта өткізілді: өнер жолын жаңа бастаған жас таланттарды қолдау. Өздерін таныстырып, талантының ашылуына көмектесу. Талантты адамдар жұмыс істейтін банктің талантты балаларды қолдауы – ақылға қонымды және құрметке лайық.
«Біз байқау дипломанты, алматылық Максим Максимовқа арнайы жүлде миллион теңге бердік, -дейді kaspi-дің директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким.-Көзін нашар көретініне қарамастан Максим музыкалық композицияларды құлағымен естіп, үйренеді. Бұл байқауда ол қазақтың халық әні «Япырайды», Стравинский мен Рахмениновтың шығармаларын орындады. Таланты мен ерік-жігерінің, музыкаға деген махаббатының арқасында ол ең үздіктердің бірі. Бала болса да көптеген үлкендер үшін үлгі».