Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

kaspi bank ипотекалық қайта қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды аяқтады
және «Самұрық-Қазына» қорының қаражатын 15 мамырға дейін игеруді жоспарлауда.

Қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылғаннан бастап kaspi bank-іне ағымдағы клиенттерден жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге болатын шамамен бір мыңға жуық өтініш келіп түсті. Кaspi bank-іне «Самұрық-Қазына» қорынан ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға бар болғаны 3 миллиард теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні kaspi bank 2 млрд теңгеден астам сомаға 615 ипотекалық өтінімді мақұлдады.

Үкімет қайта қаржыландыру ережелерін өзгерткеннен кейін өтінімдерді қарау және мақұлдау барысы біршама жылдамдай түсті. Нәтижесінде kaspi bank-іне «Самұрық-Қазына» қорынан бөлінген 3 миллиард теңге мөлшеріндегі қаражат бастапқыда «Самұрық-Қазына» қорымен жасалған келісімнің шеңберінде жоспарланған уақыттан біршама ерте игерілетін болады.

«Біз бүкіл Қазақстан бойынша қарыз алушылардан жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеге жуық 1000 астам өтінімді қарауға қабылдадық. Бүгінгі күні 2 миллиардқа жуығы қайта қаржыландырылған. Қайта қаржыландырылған несиенің орташа мөлшері 3,5 миллион теңгені құрайды, – дейді kaspi bank-інің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. – Қазіргі сәтте біз қайта қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды тоқтаттық. Клиенттердің өтінімнің әлі де көп болатынын ескеріп, біз мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған бағдарламаның жалғасуына қызығушылық білдірудеміз».

«Kaspi Bank» АҚ
«Kaspi Bank» АҚ 267 млрд. теңгеден астам активтерімен және 44 млрд. теңге шамасындағы шоғырландырылған капиталымен Қазақстандағы жетекші банктер ондығының қатарына кіреді. Банк тұтынушылық несиесін беруде көшбасшылық орынға ие. Банктің бөлшекті желісі 150 бөлімшеден және 2000 астам сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін 514 жедел несиені сату орындарынан тұрады. «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы – жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры. www.kaspibank.kz

«Бэринг Шығыс Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры
«Бэринг Шығыс Кэпитал Партнерс»ТМД-дағы инвестицияларында мамандандырылады. 1994 жылдан бастап Бэринг Шығыс қоры 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде Каспи Банкі, Еуроплан, Қаржы технологиялары орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржылық қызмет саласындағы, мұнай-газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институтттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Шығыс ТМД, Азия, Индия, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвесициялау қорларын басқарушы Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тобының құрамына кіреді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Zhumanova@bc.kz
Ұялы тел: +7-701-223-87-85
 +7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
4 мамыр 2009 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер