Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Помощь

kaspi bank су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын беруде

kaspi bank наурыз айында су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы Жантікей және Көкжыра ауылдарының тұрғындарына 180 жиналмалы кереует апарып берді.

Жаңа үйлер салынып біткенше баспанасыз қалған кент тұрғындары Көкжыра ауылындағы мектепте тұрып жатыр. Олар тамақпен, киіммен қамтамасыз етілген, алайда, Тарбағатай ауданының әкімдігі хабарлағандай, тұрғындар еденде ұйықтауға мәжбүр болған.

kaspi bank жиналмалы кереует сатып алуға әрі оны жеткізуге 1 500 000 теңге бөлді. Осы аптада қажетті заттар тиелген үлкен әрі ауыр жүктерді тасуға арналған КамАЗ Көкжыра ауылына келіп жетті. Банктің Өскемен қаласындағы филиалының қызметкерлері жүкпен ілесіп барып, кереуетке мұқтаж болған тұрғындардың қолдарына оларды табыс етті.   

Су тасқынынан зардап шеккен үйлерді жаз мезгілінің аяғына дейін салып бітіру жоспарланып отыр. Жантікей және Көкжыра ауылдарының тұрғындары да өздерінің болашақ үйлерінің құрылысына атсалысып жатыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, зардап шеккендерге бүкіл қауым болып көмек беруде.

 – Су тасқынынан зардап шеккен тарбағатайлықтарға қайырымдылық көмек ретінде мекемелерден, кәсіпорындар мен тұрғындардан түскен қаражат біздің банк арқылы кедергісіз аударылды, – деп әңгімелейді  kaspi bank-інің  Өскемен қаласындағы филиалының директоры Жанат Тұраш. – Біз ауыл тұрғындарының өтінішімен жиналмалы кереуеттерді жеткізген кезде, жерлестерінің көмегі тиіп жатқанын өз көзімізбен көрдік, оған Көкжыра ауылының маңындағы салынып жатқан ондаған үйлер куә».

«Kaspi Bank» АҚ:
«Kaspi Bank» АҚ – Қазақстандағы жекелей несиелеудің көшбасшысы, 311  млрд. теңгеден астам активтерімен және 39,5 млрд. теңге біріктірілген капиталымен Қазақстандағы жетекші он банктің қатарында тұр. Банк тұтынушылық несиелерін беруде көшбасшы орында. Банктің бөлшекті желісі шамамен 150 филиал мен бөлімшелерден тұрады. Жетекші Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы. www.bc.kz

«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» тікелей инвестициялау қоры:
«Бэринг Восток Кэпитал Партнерс» ТМД-да тікелей инвестициялауға мамандандырылған. 1994 жылдан бастап Бэринг Восток қорлары 50 компанияда 600 млн. астам долларды инвестициялады. Олардың портфелінде kaspi bank, Еуроплан, Қаржы Технологиялары Орталығы, Баррен Энерджи, Вымпелком, Голден Телеком, Сыктывкарлық ЛПК, Сладко, Боржоми, Яндекс және Озон сияқты атақты компаниялармен қатар қаржы қызметі саласындағы, мұнай және газ саласындағы, телекоммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылық сектордағы бірқатар компаниялар бар. Қордың инвесторларының санатында атақты халықаралық қаржы институттары, әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары, өкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа, Азия елдерінің университеттік қорлары бар. Бэринг Восток ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа және Латын Америкасының 3,5 млрд. доллар активтерімен тікелей инвестициялау қорларын басқарушы Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді. Baring Vostok Private Equity III (BVPEF III) тікелей инвестициялау қоры – «Kaspi Bank» АҚ-ның инвесторы.


Қосымша ақпарат алу үшін мына маманға хабарласуға болады:
Ботагөз Жұманова
БАҚ-пен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы
Тел.: 8 (7272) 501- 800 (ішкі 1376)
Эл. пошта:
ZHUMANOVA.Botagoz@kaspibank.kz
Ұялы: +7-701-223-87-85 
+7- 777- 232- 51- 12

Алматы, Қазақстан:
10 маусым 2010 жыл







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер