Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
БАНК ЖАЙЛЫ

Корпоративтік Коммуникациялар Дирекциясы
(баспасөз қызметі және БАҚ жөніндегі сұрақтар):


Маржан Ельшибаева
Marzhan.Yelshibayeva@kaspi.kz
+7-701-524-37-65

БАҚ-пен байланыс басқармасы:

Ербол Азанбеков (Каз.)
Yerbol.Azanbekov@kaspi.kz
+7-701-531-83-47


“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Жаңалықтар

 

Теңгелік салымдар бойынша курстық айырмашылықты төлеу

Девальвация болған күннен бастап біз басқа банктердегі әріптестеріміз бен Ұлттық банкпен Мемлекет басшысының тапсырмасына орай курстық айырмашылық бойынша өтемақы төлеу механизмі бойынша жұмыс істедік.

Біз бұл механизмді клиенттеріміз үшін өте қарапайым жасауға тырыстық.

Бүгін Ұлттық Банк курстық айырмашылық бойынша компенсацияны төлеу механизмін бекітті.

Клиенттеріміз тарапынан туындауы мүмкін 10 маңызды сұраққа жауап беруге тырыстық.

  1. Төлемді алу үшін не істеуім керек?
    Kaspi Bank-тің кез-келген бөлімшесіне 15 қыркүйек 2015 ж. бастап келуіңіз және Арнайы депозит ашуыңыз керек.

  2. Курстық валюта айырмашылығы кімдерге төленеді?
    Курстық айырмашылық бойынша өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңына дейін депозитінде 1 миллион теңгеден аз сома болғандарға төленеді.

  3. Егер 15 тамыз 2015 ж. кейін депозитімнен ақша шешіп алсам не болады?
    Егер 18 тамыздан кейін шешіп алсаңыз да депозиттегі сомаға өтемақы аласыз.
    Басты талап - депозитіңізде 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңына дейін 1 миллион теңгеден жоғары болмауы керек.

  4. Менің бірнеше депозитім бар. Өтемақы алуға қатыса аламын ба?  
    Сіз 18 тамыз 2015 ж. 1 миллион теңгеден аспаған әр депозитіңіз бойынша өтемақы ала-аласыз.
    Арнайы депозит әрбір депозитіңізге жеке рәсімделеді. Курстық айырмашылық бойынша компенсация әр депозитіңіз үшін жеке төленеді.

  5. Арнайы шотты қанша күн ішінде ашуым керек?
    Ұлттық банктің арнайы қаулысымен депозит 1 қазан 2015 ж.дейін ашылуы керек.

  6. Депозит қандай сомаға ашылады?
    Арнайы депозит 18 тамыз 2015 ж. күннің соңына дейін салымыңызда болған сомадан аспайтын сомаға ашылады. Курстық айырмашылық бойынша өтемақыны 18 тамыз 2015 ж. күннің соңына дейінгі уақытты қоса алғанда депозитінде 1 миллион теңгеден аспайтын  сома болған салымшылар ала-алады.

  7. Курстық айырмашылық бойынша өтемақы қашан төленеді?
    Төлем күні 2016 жылдың 1 қазаны, яғни 1 жылдан кейін. Курстық айырмашылықты алу үшін сіз ақшаңызды Арнайы депозитте 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін сақтауыңыз керек.

  8. Төлем көлемі қандай болады?
    2015 жылдың 18 тамызы мен 2016 жылдың қыркүйегі аралығындағы курстық айырмашылықтың барлығы төленеді. Яғни сіз 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі курстық өзгерістерден сақтандырылған болып табыласыз. Өтемақы ретінде 18 тамыз 2015 – 30 қыркүйек 2016 ж. аралығындағы курстық айырмашылықты аласыз.

  9. Курстық айырмашылықтан бөлек, Kaspi депозитке пайыздар қоса ма?
    Біздің клиенттеріміз үшін, Kaspi Bank те депозит бойынша шекті сыйақы мөлшерлерлемесін қосатын болады. Депозит бойынша тиімді мөлшерлеме жылына 10.5%. Осы сома курстық айырмашылық бойынша өтемақыға қосылады.

  10. Курстық айырмашылық қандай формула бойынша есептеледі?
    Формула төменде. Қарапайым тілде бұл сіздің курстық өзгерістер бойынша Арнайы депозиттің соңғы мерзіміне дейін яғни 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін толық өтемақы аласыз дегенді білдіреді.
    мұнда:
    Сөтемақы - төлемге жататын курстық айырмашылық сомасы;
    Т2 – 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі теңгенің долларға шаққандағы курсы.
    Т1 – 2015 жылдың 18 тамызындағы теңгенің долларға шаққандағы курсы.
    Сқалдық – курстық айырмашылық бойынша төленетін депозит сомасы;







КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер