Биіктен көрінгің келсе, kaspi bank-пен өзіңді өзгерт!
БАНК ЖАЙЛЫ | ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
ДЕПОЗИТТЕР | АВТОКРЕДИТ | ҚОЛМА-ҚОЛ НЕСИЕЛЕР | ЗАТ САТЫП АЛУҒА НЕСИЕЛЕР | НЕСИЕ КАРТАЛАРЫ | ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ | KASPI.KZ
KZ | RU
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР
“Kaspi Bank” АҚ – халық салымына
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
Біздің акциялар

 

«www.kaspi.kz» сайтында досқа сыйлық» акциясын өткізу шарттары

  1. «www.kaspi.kz сайтында досқа сыйлық» акциясы (бұдан әрі – Акция) өткізілетін кезең: 2015 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 16 тамызға (қоса алғанда) дейін.
  2. Акция аясында Банктің шығарған алдын ала төленген төлем карточкаларымен (бұдан әрі – АТТК) Банктің төлейтін бонус сомасына операция өткізілетін кезең: 2015 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 16 тамызға (қоса алғанда) дейін. Егер АТТК алушылар Банктің интернет бөлімшесінде олар есепке жазылған күннен бастап үш айдың ішінде транзакциялар жүргізбеген жағдайда, Банк АТТК-нің қолданысын осы тармақта аталған кезең аяқталған күні жоюға құқылы. Акция өткізілетін орын: Банктің орналасқан жері.
  3. Акцияны өткізу нәтижесі: Акцияға қатысушыға АТТК шығару және Банктің клиенттері көрсеткен жеке тұлғалардың (бұдан әрі және бұрын – АТТК алушы) kaspi.kz шотына Банктің төлем карточкасын ұстаушы клиенттің өтінішінде көрсетілген сомаға кейіннен есепке жазу.
  4. Акцияға қатысушылар: Банктің төлемдік несие карточкаларын ұстаушы барлық клиенттері.
  5. Акцияға қатысушы Банкке kaspi.kz шотына Банктің адамдарға (АТТК алушыларға) анықтайтын сомасына АТТК-ні есепке жазу туралы тапсырма береді. kaspi.kz шоты Банктің төлем карточкасын ресімдеген кезде клиент көрсеткен байланыс телефондарының нөмірлері бойынша ашылады.
  6. Акцияға қатысушы мен АТТК алушы Акцияға бір рет қана қатыса алады.  
  7. Банк Акцияға қатысушылар мен АТТК алушыларға kaspi.kz шоты бойынша операциялар жасау үшін өзі қалаған санда және сомаға (бірақ кемінде 2 теңге) алдын ала төленген төлем карточкаларын ұсынады.
  8. АТТК алушылар Акция аясында Акцияға қатысушыдан және Банктен алынған ақша сомасы шегінде алдын ала төленген төлем карточкаларын өзінің kaspi.kz шотында пайдалана алады. АТТК алушы www.kaspi.kz сайтынада Банктің бекіткен тіркеу талаптарына сәйкес тіркеледі.
  9. Банк Акцияға қатысушының өтінішінің негізінде Акцияға қатысушының нұсқауларына сай алдын ала төленген төлем карточкаларымен іс-әрекеттер жасайды.
  10. Акция аясында қолма-қол ақшамен берілетін ақшалай өтемақы көзделмеген.
  11. Акцияға қатысушы клиент банк өнімдерін алған кезде толтыратын құжаттарда клиенттің тапсырмасымен алдын ала төленген төлем карточкалары есепке жазылатын жеке тұлғалардың Т.А.Ә. және мобильді телефон нөмірін көрсеткен кезде, Банк клиентті АТТК алушы ретінде қарастырады.
  12. Акцияға қатысуға байланысты АТТК алушыда туындайтын шығындарды, шығасылар мен басқа шығыстарды Банк қайтармайды және өтемейді.
  13. Акция өткізілетін соңғы күні Акцияның әрекет етуі тоқтатылады. Банк Акцияны өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.
  14. Банк АТТК-ге есепке жазылған және Банктің Акцияға қатысушылар мен АТК алушыларға берген бонус сомасынан жеке табыс салығын Салық кодексінде* көзделген тәртіппен Банктің шығыстары есебінен төлейді.






КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ
KASPI АЛЛО


Алматы үшін
8 (727) 258-59-65

кез келген ұялы оператордан
9999

телефон соғу ТЕГІН


БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТЕРМИНАЛДАР




Айыппұлды тексеру
 
     
© 2005–2024 АО "Kaspi Bank"
Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. берген №1.2.245/61 лицензиясы
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 11.10.2023ж. берген №1.2.44 лицензиясы
Деректемелер